1-тапсырма. Оқылым бойынша оқушылар «Ақылдың 6 қалпағы» әдісі арқылы өз ойларын ортаға салып, берілген мәтінді талдайды.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап береді.
1. Ал сен қалай киінуді жөн көресің?
2. «Стильді киіну», «талғамы биік» дегенді қалай түсінесің?
3. Маусымға лайық киінбеуден қандай қолайсыздықтар туындауы мүмкін?
3-тапсырма. Бағанадағы сөздерді өзара байланыстырып, сөйлемдер құрастырады.
ОӘК материалдары
«Ақылдың 6 қалпағы»:
ақ, қара, қызыл, көк, сары, жасыл.
Аяқталуы
Рефлексия. «Раундробин» әдісі арқылы оқушылар тақырып бойынша өз идеялары мен ойларын жазып, оң жағындағы көршіге парағын ысырады. Көршісі алдыңғы жолдасының жазғанымен танысып, сол ойларды әрі қарай жалғастырады.
Үйге тапсырма. «Адам көркі – шүберек» деген тақырыпта жарнама жазады. Құрастырған жарнамаларыңнан ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал түрлерін көрсетеді.