1-топ. Бидайдан алынатын нан мен нан ағашынан шыққан нанның айырмашылығын «Т кестесіне» жазады.
2-топ. Өсімдіктер дүниесіндегі ғажайыптар жөнінде мәліметтер келтіреді.
3-топ. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып жазып, «шағатын» сөзінің қандай мәнде қолданылып тұрғанын түсіндіреді.
3-тапсырма. «Алматының қақ ортасында ғажайып ағаш өсуде» бейнежазбасын (https://www. youtube.com/watch?v=32g6bmZL4R4) тамашалап, пікір таластырады.
Ақылдың 6 қалпағы:
ақ, қара, қызыл, көк, сары, жасыл.
ОӘК материалдары
https://www. youtube.com/watch?v=32g6bmZL4R4
Аяқталуы
Рефлексия. «Раундробин» әдісі арқылы оқушылар тақырып бойынша өз идеялары мен ойларын жазып, оң жағындағы көршіге парағын ысырады. Көршісі алдыңғы жолдасының жазғанымен танысып, сол ойларды әрі қарай жалғастырады.
Үйге тапсырма. Еліміздің аумағында кездесетін қасиетті әулие ағаштары туралы баяндама жазады.