1. Қаныққан және қанықпаған бу ұғымдарымен, олардың қасиеттерімен, ауаның салыстырмалы және абсолют ылғалдылығын түсіну;
2. Қаныққан және қанықпаған бу қысымының температураға тәуелділігін және ауа ылғалдылығын тәжірибе жүзінде анықтау
3. Ауаның салыстырмалы және абсолют ылғалдылығын формуласын пайдаланып, есептер шығару.
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі
Қаныққан және қанықпаған буұғымдарымен, олардың қасиеттерімен, ауаның салыстырмалы және абсолют ылғалдылығы анықтамаларын біледі.
Тәжірибе арқылы қаныққан және қанықпаған будың қасиеттерін және ауа ылғалдылығын анықтайды;
Ауа ылғалдылығының формуласын есептерін шығаруда қолданады.
«ПАЗЛ» әдісі арқылы психрометрдің, гигрометрдің суретін беріп, оқушылар құрастырып, қандай құрал шыққанын айтады.
«7 W» тәсілі. Оқушыларға сұрақтар қоя отырып, жаңа сабаққа жетелеу сұрақтары арқылы бағыттаймын. Неліктен булану шәйнек қайнаған кезде шәйнектің шүмегінен шығады?(су қайнаған кезде үстіңгі жағынан булану қарқынды жүреді, шәйнек қақпағы жабық болғандықтан, бу шәйнектің шүмегінен шығады)
Неліктен қайнаған шәйнек суығаннан кейін, қақпағынан су тамшылары пайда болады?(су буының конденсациясының нәтижесі)
Неліктен бассенйннен шыққанда жаурайсың? (булану кезінде сұйық салқындайды, яғни судың ішкі энергиясы азайып, температурасы төмендейді)
Неліктен желді ауа райында жылдам кебеді?( себебі, сұйық бетінің үстіңде жел болса, ол ұшып шыққан молекулаларды ұшырып, булану жылдам жүреді)
Неліктен бұлт түзіледі? (теңіз, мұхит беттерінің көп су мөлшері буланып, су буы жылы ауамен бірге биікке көтерілгенде салқындау нәтижесінде бұлт түзіледі)
Мақсатым:оқушылардың сыни ойлаудағдысын қалыптастыру, тақырыпты ашу, күнделікті өмірден мысалдар келтіру.
«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалаймын.
Пазлдар
Сабақтыңортасы
20 мин
Тапсырма-1. «Сәйкесін тап» әдісіарқылы оқушыларға кесте ұсынамын. Кесте жаңа тақырыпқа түйінді сөз және оның анықтамаларын бере отырып, оқушыларға сәйкестендіремін.
Мақсатым:Қаныққан және қанықпаған бу ұғымдарымен, олардың қасиеттерімен, ауаның салыстырмалы және абсолют ылғалдылығын түсіну
Бағалау тәсілі: «Көршіңді бағала» (көрсетілген дұрыс жауап арқылы бірін бірі бағалайды)