Сабақтың тақырыбы Қаныққан және қанықпаған бу. Ауаның ылғалдылығы. Жалпы мәліметтер


Тапсырма - 2. «БФЕ» «барлық факторларды ескеру» тәсілі арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу арқылы, әр түрлі тәжірибе жасату



бет2/2
Дата15.01.2023
өлшемі39,02 Kb.
#61364
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Сабақ тақырыбы 37

Тапсырма - 2. «БФЕ» «барлық факторларды ескеру» тәсілі арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу арқылы, әр түрлі тәжірибе жасату.
1 топқа: Манометрге қосылған су, спирт және эфир құйылған үш бірдей жабық колбаларды беремін. Топ: қаныққан будың тығыздығы мен қысымы заттың тегіне тәуелді болатынын, болмайтынын анықтау қажет.
2топқа: оқушыларға конденсациялық гигрометр құралын ұсына отырып, эфир толтырылған ыдысқа ауаны груша арқылы үрлей отырып, эфирдың булануына қол жеткізуі керек.
3 топқа: психрометр құралын ұсына отырып, оқушыларға ыссы суда температура айырымы бойынша ауа ылғалдылығын табу қажет.
Мақсатым: бу қысымының температураға тәуелділігін және ауа ылғалдылығын анықтауды тәжірибе жүзінде көрсету.
«Екі жұлдыз, бір тілек» бағалау тәсілі арқылы бағалаймын.
Тапсырма-3. Жеке жұмыс: деңгейлік тапсырмалар. «Конверттегі есеп» әдісінде конверттерге саралаудың «Тапсырма» тәсілінен оқушылардың деңгейлеріне қарай оқушы қажеттілігін ескере отырып, тапсырмалар салынады. Әрқайсысы өздеріне қажет конвертті алып, жеке орындайды:
А деңгей
Халықаралық бірліктер жүйесінде абсолют ылғалдылықшықтың өлгем бірлігін атаңыз және абсолют ылғалдылықты табу формуласын сипаттаңыз.

В деңгей 3
р
2

0 1 Т
Қаныққан бу қысымының графигін сипаттаңыз.


С деңгей
Ыдыста температурасы 170С және салыстырмалы ылғалдылығы 70% болатын ауа бар. Егер ауаны 1000С дейін қыздырып, көлемін екі есеп азайтсақ, ауаның ылғалдылығы қаншаға төмендейді?

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Ауа ылғалдылығының формуласын есептерін шығаруда қолданады.

А.Абсолют ылғалдылықтың мәнін табу жолын анықтайды.

В.қаныққан бу қысымынң температура мен концентрацияға тәуелділігін сипаттай алады.

С.Салыстырмалы ылғалдылық формуласын пайдаланып, ауа ылғалдылығын анықтай алады.

Саралаудың «Бағалау» тәсілін негізге ала отырып, оқушылардың қажетілігіне қарай түзетулерді енгіземін және ынталандыру мақсатында жүрекшелермен бағалаймын.


Кесте.
Оқулықпен жұмыс.

Тәжірибелік құралдар.



Конвертке әр түрлі деңгейдегі есептер

Сабақтың соңы
8 мин


«Қосу-Алу-Қызықты»әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс аламын.

Қосу

Алу

Қызықты










  1. Бүгінгі сабақта сіздерге не ұнады?

  2. Бүгінгі сабақта қиындық тудырған тұстары қандай?

  3. Сіздер үшін не қызықты болды?





Үй жұмысы

«Заманауи гигрометрлер» тақырыбына хабарлама дайындаңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет