Дескриптор: берілген сұрақтарға ауызша жауап береді.
3. Білім алушыларды оқу мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру.
Бағалау парағын түсіндіру және таратып беру.
Білімалушының аты-жөні
Топтық жұмыс
(30 балл)
Жұптық жұмыс
(10 балл)
Жеке жұмыс
(20 балл)
Үй тапсырмасы
(смайлик)
Тест
(30 балл)
Ортасы
50
4.Жаңа сабақты түсіндіру Интербелсенді тақтадан маймыл мен адамның суретін көрсету. «Миға шабуыл» Оқушыларға сұрақ қою арқылы, жаңа сабақтың тақырыбын ашады,өткен сабақпен байланыстырады, видео қосады.
«Түсіндірмелі-эллюстративті» әдіс арқылы жаңа сабақты түсіндіремін.
Адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін, материалдық және рухани қазыналарын зерттейтін кешенді ғылым антропология деп аталады.
Антропология сөзі гректің «anthropos» - «адам», «logos» - «ілім» деген сөздерінен алынып, «адам туралы ғылым» деген ұғымды білдіреді. Антропология терминін алғаш ғылымға Аристотель енгізді.
Антрополгия ғылымының негізгі бір саласы – антропогенез. Ол адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін және нәсілдік ерекшеліктерін зерттейді.
Қазіргі уақытта антропология ғылымында адамның эволюциялық даму жолының мынадай негізгі кезендерін бөліп көрсетеді:
1) австралопитек (проантроптар)
2) питекантроп (ең көне адамдар, архонтроптар)
3) неандерталь адамы (ең көне адамдар, палеонтроптар)