Жалпыға бірдей еңбек қоғамы. Оқушыларды адал еңбекке, шығармашылыққа, білім алуға баулу.
Пән аралық байланыс
Математика, қазақ, орыс және ағылшын тілі пәндері
(Оқушылар математикалық формулаларды пайдалана отырып ақпарат көлемін анықтайды. Компьютерлік алфавит қазақ, орыс және ағылшын тілінің әріптері мен тыныс белгілерін қамтиды.)
Алдынғы білімдер
Ақпарат ұғымы, оның өлшем бірліктері. Ақпараттық үдеріс
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
(7 минут)
Ұйымдастырушылық кезеңі.
Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түрлі түсті және әртүрлі пішіндерге жасырылған ақпарат түрлерінің атаулары бойынша «Мәтіндік ақпарат», «Графикалық ақпарат», «Сандық ақпарат» топтарға бөлу.
«Миға шабуыл» әдісі көмегімен жаңа тақырыпқа көшу. Ол үшін оқушыларға ақпарат тақырыбына байланысты алдын ала дайындалған сұрақтар қойылады.
Ақпарат дегеніміз не? Ақпараттың қандай түрлерін білесін?
Ақпараттық үдеріс сөзін қалай түсіндіресін?
Ақпарат өлшем бірліктерін ата?
Екілік код деген не?
Берілген “Computer science” cөзінің ақпараттық көлемін анықтандар
Сұрақтарды қоюды аяқтай келе ақпарат көлемін анықтаудың тәсілдері атап өтіледі. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.
Топ атауларының суреттері және олар туралы жазылған мәліметтер.