Тарихи тұлғалар тағылымы Тәкен Әлімқұлов «Қараой» (әңгіме)
Педагогтың Т.А.Ә.
Күні:
Сынып: 8
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы:
«Қараой» 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
8.3.2.1 - публицистикалық стильдің (қысқа очерк) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау;
8.3.4.1 - мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау
Психологиялық ахуал. «Жылы лебіз» әдісі Сыныпта жақсы психологиялық атмосфера болу үшін оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы лебіздерін білдіреді. Осы күнге сәттілік тілейді.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. 1. Қазақ тарихындағы қандай батырларды білесің?
2. «Әрі батыр, әрі ақын» атанған қандай тұлғаларды білесің?
Дескриптор:
Сұрақтарға жауап береді.
Жаңа сөздер: Сұлтан
Айып
Өсиет
Іскерлік
Таныл
Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы лебіздерін білдіреді.
2-тапсырма. Әртүрлі дереккөздерден ар, ұят, намыс туралы мақал-мәтелдерді тап. Олардың біреуінің мағынасын таратып айт.
Дескриптор:
Әртүрлі дереккөздерден ар, ұят, намыс туралы мақал-мәтелдерді табады.
Олардың біреуінің мағынасын таратып айтады.
3-тапсырма.Суретке қара. Ақпарат көздерінен осы суретке, сурет авторына қатысты мәліметтерді тап. Оны сабақпен байланыстырып айт. Демеулік шылауларды қолдан.
Дескриптор:
Ақпарат көздерінен осы суретке, сурет авторына қатысты мәліметтерді табады.
Оны сабақпен байланыстырып айтады.
Демеулік шылауларды қолданады.
Анықтама бұрышы Фабула (лат. Fabula — аңыз, әңгіме, ертегі, мысал) - көркем шығармада суреттелген окиғаны рет-ретімен жүйелеу.