Математика
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Арифметикалық амалдардың ауызша тәсілдері
|
Сілтеме
|
Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор
|
Сабақтың жабдығы
|
қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
Мақсаты: арифметикалық амалдар туралы білімдерін, амалдардың қасиеттері және оларды есептеуді тиімді орындауда қолдана білу, есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін орындау кезіндегі амалдар тәсілін қорытындылау.
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау парақшасымен таныстыру
|
Топқа бөлу
|
Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.
|
Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді.
|
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
|
Үй тапсырмасын пысықтау
|
Өткен сабақты пысықтау
(балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру) 2. Сандарды жылдам оқу: 425, 325, 654, 963, 852, 147, 1000, 254, 369, 635, 245 , 123, 456, 789 т.с.с.
|
Оқушылар ауызша орындайды
|
Қызығушылықты ояту
|
Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны:
Балалар карточкаға 5 секунд қарап, жатқа математикалық символдарды ретімен жазып шығу керек.
+ Р ? – S
[ х - 5 )
123 +? --???
+ ) см Р :
Метрмен нені өлшейміз? 1 дм неше см бар? 1 м неше дм бар? 1 м неше см бар?
1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.
1). – Мына сандар қатарының қандай рет тәртібін енгізу керек? Мұндағы «артық» сандар қайсысы және олар неге «артық»?
10, 20, 30, 40, 55, 60. (55 – дөңгелек сан емес)
1, 7, 14,21,27. (1саны 7-ге бөлінбейді)
12, 23, 341, 48, 55, 67, 76. (341 – үш таңбалы сан)
24, 11, 13, 15, 17, 19, 19, 12. (24 – екі ондық бар)
№ 1. карточка
750 + 10 = 760 900 – 130 = 770 110 + 55 = 165
230 + 20 = 250 800 – 450 = 350 250 + 550 = 800 т.с.с.
№ 2. карточка
А). 256 : 4 – 15 3 = 64 – 45 = 19 ә). 500 – (693 – 446) = 500 – 247 = 253 б).(176 + 412) : 6 = 98
Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда орындау
|
Жаңа сабақ
|
№ 3 карточка
. Есепті түсіндіріп шығару.
1кг = 1000г. Шешуі: 250 + 150 = 400 (г) карамель
Карамель - ? , 150г артық 1000г 250 + 400 = 650 (г) карамель мен ирис
Шоколад - ? 1000 – 650 =350(г) шоколад.
Жауабы: 350 г шоколад
№ 4 карточка
Кесте бойынша есеп құрастыру. Тақтада түсіндіріп шығару.
Ш: 25 3 + 19 4 = 75 + 76 = 151 Ж: барлық бала саны 151 бала.
Өздік жұмыс. № 6. Салыстыр.
1000 – 250 < 1000 – 25 630 + 300 + 20 > 630 + 30 + 200 90 + 110 > 80 + 120
|
Сергіту сәті
|
Сергіту сәті
«Көңілді қалпақ» ойыны
Басына қалпақ түскен оқушы жеті байлықты табады табады.
|
Бірінші байлық - денсаулық.
Екінші байлық - еркіндік
Үшінші байлық - тіл байлық
Төртінші байлық - қайрат-күш
Бесінші байлық - ақ жаулық
Алтыншы байлық - балаңыз
Жетінші байлық - жүз саулық
|
Ой толғаныс
|
Әр қораптан кез келген цифрды алып, үш таңбалы сандар құрастыр және оларды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз.
911, 508, 704, 457, 694, ...
|
Сабақты бекіту
|
Бүгінгі сабақта біз не істедік?
|
Саған қайсы тапсырма қиын болды?
|
Үй тапсырмасы
|
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.
|
Оқушылар күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.
|
Бағалау парақшасын толтырады
|