Сабақтың тақырыбы: Асан қайғы. Асан қайғының жерге айтқан сыны Бағдарламаға сілтеме



Дата02.12.2023
өлшемі338,96 Kb.
#132321
түріСабақ
Байланысты:
313 Бейсеналы Аяулым 313



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
СӨЖ
Тақырып: Блум таксономиясына тапсырмалар құру.


Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
313-топ

Орындаған: Бейсеналы Аяулым
Қабылдаған: Қабатай Бидана


Алматы 2023
Сабақтың тақырыбы: Асан қайғы. Асан қайғының жерге айтқан сыны
Бағдарламаға сілтеме:
5.1.2.1 әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;
Сабақтың мақсаты: «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызының тақырыбы құтты қоныс, идеясы шұрайлы жер іздеу екенін түсінеді, «суы бал», «киліккен жылқы», «үш қараған», «тоқтысы қысыр» деген эпитеттерді табады.


Білу
1-тапсырма. Миға шабуыл әдісі.



-Суретте нені байқадыңыз?
-Суреттегі кейіпкердің іс-әрекеті қандай?


Дескриптор:

  1. Суретте Асан қайғының бейнесі бейнелеген. Ол өзінің желмаясына мініп алған.

  2. Асан қайғының іс-әрекетінен шұрайлы жерді іздеп жүргені байқалады.

Бағалау шкаласы:

  • 1-бал

Түсіну


2-тапсырма. Аңыз бойынша сұрақтарға жауап бер.
- «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызының тақырыбы мен идеясы қандай?
- Аңызда қандай жер-су аттары кездеседі?


Дескриптор:
-«Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызының тақырыбы – құтты қоныс, идеясы - шұрайлы жер іздеу болып табылады.
- Аңызда Ертіс, Қызылтау, Баянауыл, Шідерті, Есіл, Нұра, Сыр деген сияқты жер-су аттары кездеседі.
Бағалау шкаласы:
-1бал


Қолдану
3-тапсырма. Асан қайғының жерге айтқан сыны сияқты, сенде өз өлкеннің артықшылықтары мен кемшіліктерін жаз.

Артықшылықтары

Кемшіліктері





Дескриптор:
Менің туған жерім – Боранды ауылы
-Артықшылықтары: Шөбі шүйгің, суы таза әрі мол, жасыл ағаштары көп, ауасы таза, таулары биік
-Кемшіліктері: Жол мәселесі шешілмеген.
Бағалау шкаласы:
-2бал


Талдау
4-тапсырма. Аңыздағы эпиттеттердің қай өлкеге қатысты екенін анықтап, кестені толтыр.

Эпитеттер

Қарастырылған өлке

Суы бал


Арықтаған ат


Үш қараған


Тоқтысы қысыр




Дескриптор:
-Суы бал – Торғай өзені
-Арықтаған ат- Шідерті
-Үш қараған- Үш қара
-Тоқтысы қысыр- Қызылтау
Бағалау шкаласы:
-3 бал


Жинақтау
5-тапсырма. Аңыздағы басқа эпитеттерді кластерге түсір.



Дескриптор:
Эпитеттер- басы байтақ, бос жылқы, май татыған жер, табылмайтын жер және т.б
Бағалау шкаласы:
-2 бал


Бағалау
6-тапсырма. «Білім гүлі» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау.



Бағалау шкаласы:
-1бал



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет