Сабақтың тақырыбы: "Асанқайғының жерге айтқан сыны"



Дата22.11.2023
өлшемі3,14 Mb.
#125106
түріСабақ
Байланысты:
11-сабақ. «Асанқайғының жерге айтқан сыны» аңызы

Бөлім тақырыбы: Таза, мінсіз асыл сөз Сабақтың тақырыбы: “Асанқайғының жерге айтқан сыны” аңызы

Қазақ әдебиеті

5 сынып

Оқу мақсаты:

  • 5.Т/Ж2. әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Сабақ мақсаттары:
  • Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;
  • Әдеби шығарманың идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізе алады;
  • Шығарманың негізгі идеясын ана туралы мақал- мәтелдер арқылы өмірмен байланыстыра біледі

Бағалау критерийлері:

  • шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;
  • әдеби шығарманың идеясын өз көзқарасы негізінде тұжырымдайды ;
  • шығарманың негізгі идеясын туған жер туралы мақал-мәтелдермен түйіндейді

Аңыз деген не?


Аңыз - халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынады. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атымен, іс-әрекетімен байланысты туады.
Батырлар туралы аңыздар
Топономикалық аңыздар
Тарихи аңыздар
Ғашықтар туралы аңыздар
Аңыз әңгімелер

Сөздікпен жұмыс

  • Желмая – шөлге төзімді, күшті де жүйрік түйе
  • Жерұйық – миф, жұмақ жер. Шөбі, суы мол, табиғаты әсем, адамға да,малға да жайлы қоныс.
  • Ат төбеліндей – аз ғана, шағын.
  • Шідер – аттың аяғына салынатын тұсау.
  • Жиhан – дүниежүзі, әлем.
  • Жапан түз – айдала, адам аяғы баспаған жер.
  • Шүйгін – оты, суы мол, құнарлы жер.

№1 тапсырма: «АСАНҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕРҰЙЫҚТЫ ІЗДЕУІ»  атты бейнефильмі

  • https://www.youtube.com/watch?v=buYTTOED5kY

Дескриптор

  • Тыңдаған, көрген аудио, бейнежазбалар арқылы және оқулыққа сүйене отырып, сұрақтарға жауап бере алады.

“Сұрақтар ілмегі” әдісі:
  • Аңыз деген не?
  • Оның қандай түрлері бар?
  • Асанқайғы кім?
  • Асан атына “қайғы” сөзі неліктен қосылған?
  • Асанқайғының мақсаты не?
  • Асанқайғы неге еліне шұрайлы қоныс іздеген?

“Сұрақтар ілмегі” тапсырмасының жауаптары

  • Аңыз деген не? (Жауабы: Оқиғасы шындық өмірден алынып, тарихта болған белгілі бір адамдардың атымен, іс әрекетімен байланысты туған ауыз әдебиетінің жанры)
  • Оның қандай түрлері бар? (Жауабы: Тарихи аңыздар, топономикалық аңыздар, батырлар туралы аңыздар, ғашықтар туралы аңыздар)
  • Асанқайғы кім? (Жауабы: Қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған жырау, философ)
  • Асан атына “қайғы” сөзі неліктен қосылған? (Жауабы: Ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкендігіне байланысты атына “қайғы” сөзі қосылған)
  • Асанқайғының мақсаты не? (Жауабы: Cулы-нулы, шөбі шүйгін, адамы ұзақ өмір сүретін, малға жайлы, құтты қоныс табу)
  • Асанқайғы неге еліне шұрайлы қоныс іздеген? (Жауабы: Шұрайлы жерде елдің малы көбейіп, бай болады, өздері дені сау болып, ұзақ өмір сүреді, бақытты болады)

№ 2 тапсырма. “Концептуалды карта”


Асанқайғы аралаған жерлер атауы

Асанқайғының бағасы

Менің түсінігім

Дескрипторлар:
  • Асанқайғы аралаған жерлердің аты мен берген бағасын оқулыққа сүйеніп, кемінде үшеуін жаза алады;
  • Асанқайғының берген бағасын өзінше қалай түсінетіндігін жаза алады.

“Ой сандық” әдісі

Ойсандықтан тірек сөздерді қолдана отырып, шығарманың тақырыбы мен идеясын табыңыздар.


Тірек сөздер: Халық болашағы, бақытты ел, туған жер, қадір-қасиет, тану, бағалау, жерұйық.

Әңгіменің тақырыбы
(шығармаға негіз, арқау болған оқиға түйіні)

Әңгіме идеясы
(халықтың айтайын деген негізгі ойы)
  • Тірек сөздерді пайдалана отырып, әңгіме тақырыбын, яғни әңгімеге арқау болған оқиға түйінін таба алады;
  • Тірек сөздер негізінде әңгіме идеясын, яғни халықтың айтайын деген негізгі ойын мақал-мәтел арқылы тұжырымдай алады.

Дескрипторлар:

“Ой сандық” әдісі тапсырмасының жауаптары


Әңгіменің тақырыбы
(шығармаға негіз, арқау болған оқиға түйіні)

Әңгіме идеясы
(халықтың айтайын деген негізгі ойы)

(Жауабы: Ел-халқының болашағы мен бақыты үшін жерұйықты іздеу, халқы үшін қызмет қылу)

(Жауабы: Әр адам өз туған жерінің қадір-қасиетін, бағасын білу керек. “Әркімнің өз туған жері-жерұйық”)

Үйге тапсырма

  • Асанқайғының өмірбаянын, аңыз мәтінін оқулықтан толық оқу.
  • Асанқайғы сын айтқан жерлерді Қазақстан картасынан табу.
  • Аңыз ережесін дәптерге жазып, жаттау.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет