Қозғалмалы ойындар сабағының күнделік жоспары № 66 Сабақтың тақырыбы: «Қашпа доп» ойыны Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік : Жүгіру.Қашпа доп техникасын бекітетін арнайы жаттығуларды бекіту.
2. Денсаулық сақтау : Шапшандық және жылдамдық сапаларын дамыту.
3. Тәрбиелік: Сабақтағы барлық жүктемені дұрыс орындау. Бір-біріне көмек жасау. Тәртіпке тарту.
Спорт құралдары: жалпақ таяқша, кішкене доптар.
Өткізілетін күні : 18. 02. 2016ж Сынып : 7 «а», «ә», «б», «в».
Өткізілетін орны: Стадион Уақыты: 45 мин
№
Жаттығулар
Уақыты
Әдістемелік нұсқаулар
1
Кіріспе бөлімі Сапқа тұрғызу
Рапорт тапсыртқызу
Сабақтың мақсатын түсіндіру
Саптағы жаттығулар:
Оңға,солға,айналып бұрылу
Секіріп бұрылу.
Спорт. жүріс:
Стадион айнала 2 шеңбер жүгіру
(бір баппен)
3 қатарға бөліп жалпы дамыту жаттығуларын жасау. №1 жаттығулар кешені
Арнайы жүгіріс жаттығулар:
1. Тізені көтеріп жүгіру
2. Аяқты артқа лақтырып жүгіру
3. Түзу аяқты алға лақтырып жүгіру
4. Бұғы жүгіріс
5. Сол, оң аяқпен биікке секіріп алға қозғалу.
6. Жылдам жүгіру
15 мин 2 рет
2 рет
2 рет
2 рет
2 рет
2 рет
Спорт киіміне назар аудару
Бір адамдай істеу.
Саптан шықпай жүгіру.
Оқушыларды екі лекке бөліп 30-40 м
ұзындығына арнайы жүгіріс жаттығуларын жасатқызу.
Қол жүгіргендей қимылдайды
Қол жүгіргендей қимылдайды
Қол жүгіргендей қимылдайды
Қол жүгіргендей қимылдайды
2
Негізгі бөлім Оқушыларға қашпа доп ойынының ережелерін айту. Сынып оқушыларын екі топқа бөлу. Командаларды А және Б командасы деп бөліп, А командасы шабуылшы Б командасы қорғаушы. А командасы бастарқы сызықтың қасында бірінен соң бірі тұрады. Ал Б командасының бір ойншысынан басқасы алаңды күзетеді. Сөреде қалған Б командасының бір ойыншысы кішкене доппен А командасының ойыншыларының алдына қол, немесе таяқша жетпейтіндей жерде тұрады. Ол А командасының ойыншыларына кішкене доппен көтеріп қалқытады , ал Б командасының 1 ші тұрған ойыншысы таяқшамен ұрып допты алысқа жіберу керек.