Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендейді. Кезекшімен сұхбаттасады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Жойылсын соғыс» әнін орындау. Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген
Тоқтасын мәңгілік жойылсын.
Кел, достарым, ән бастайық!
Көтеріп жаңғыртып
Даласын дана, баласын ана
Жоқтамасын мәңгілік!
«Мозайка» әдісі арқылы сынып үш топқа бөлінеді.
Алдынғы білімді тексеру. «Желпуіш» әдісі арқылы жүзеге асады. Оқушылар үйден сұрақтар дайындап келеді.
Қызығушылықты ояту.
Оқушылар Ұлы Отан соғысының ардагерлерін білесіңдер ме?
Мұғаліммен амандасады. Оқу құралдарын дайындайды.
Сабаққа зейіндерін аударады.
Оқушылар «Жойылсын соғыс» әнін орындайды.
Оқушылар үш топқа бөлінді.
І. Бейбітшілік
ІІ. Тыныштық
ІІІ.Бірлік
Оқушылар үй жұмысына дайындалып келеді.
Әлия Молдағылова, Мәншүк Маметова, Хиуаз Доспанова, Бауыржан Момышұлы, Қасым Аманжолов, Қасым Қайсенов және т.б.
ҚБ. Топтар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалайды.
Оқушыларға Қасым Қайсеновтің өмірі таныстырылады.
Қасым Қайсенов
(1918 - 2006)
Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асу-Бұлақ ауылында қарапайым еңбекші отбасында дүниеге келген. 1934 жылы орта мектепті толық аяқтамай Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына оқуға түсті. 1939 жылы оны бітірген соң әскери-барлау мектебіне жіберіледі, 1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіледі. Арнайы тапсырма бойынша Украинаның басқыншылар қолында қалған жеріне жіберіледі. Ол жерде Қасым Қайсенов В.И.Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Молдавия, Украинаның Закарпатье бөлігі, Чехословакия және Румыния жеріндегі ұрыстарға қатысады. Әскери мұрағаттар Қасым Қайсенов туралы маңызды тарихи оқиғаларға толы. Кеңес жері фашист басқыншыларынан азат етілген соң 1945 жылдың басында Отанына оралып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы аппаратын басқарады, содан кейін Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орынбасары ретінде жұмыс істейді. Ардагер-партизан көп уақыт бойы «Жазушы» және «Қайнар» баспаларының редакторы, редакторының орынбасары болады. 1954 жылы Қ.Қайсенов «Жас партизандар» атты алғашқы кітабын басып шығарады. Оның батырлық-патриоттық тақырыпқа арнаған әдеби қызметі осылай басталады. Оның «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында»...атты кітаптары оқырмандарға кеңінен танымал. Олар орыс және украин тілдеріне аударылған.