Сабақтың тақырыбы: Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала»



бет1/3
Дата22.02.2023
өлшемі0,58 Mb.
#69942
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Қасым Қайсенов жау тылындағы бала


Сабақтың тақырыбы:

Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала» Қазақ баласының тағдыры



Күні:

20.02.2018

Пәні:

қазақ әдебиеті

Сынып: 7 А

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны:0

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

7.1.2.1/Т/Ж – әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады:
Көркем шығармадағы кейіпкерлерді айту арқылы бейнесін ашады, іс-әрекетін ажырата алады.

Оқушылардың көпшілігі істей алады:
Кейіпкерлерге салыстырмалы түрде мінездеме береді.

Кейбір оқушылар істей алады:
Кейіпкерлердің іс- әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені мәтіннен таба алады.

Бағалау критерийлері

Шығармадағы үзіндіні жатқа оқиды.
Кейіпкерлерге сыни баға береді.

Пәнаралық байланыс

Тарих, география, музыка



Тілдік мақсат

Оқушылар шығарманың мазмұнын түсінеді ,сұраққа жауап
береді.Салыстыра алады, құндылықтарға баға береді.

Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология):




Тыл-работа в тылу- work in the rear
Партизандар- партизандар- partisander
Ұлтшылдар- националисты- nationalistic

Талқылауға арналған сұрақтар:

Ұлы Отан Соғысының ардагерлерін білесіңдер ме?










Жоспар

Жоспарланған
кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс – әрекеті




Сабақтың басы
-6 мин

Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендейді. Кезекшімен сұхбаттасады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Жойылсын соғыс» әнін орындау.
Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген
Тоқтасын мәңгілік жойылсын.
Кел, достарым, ән бастайық!
Көтеріп жаңғыртып
Даласын дана, баласын ана
Жоқтамасын мәңгілік!
«Мозайка» әдісі арқылы сынып үш топқа бөлінеді.

Алдынғы білімді тексеру. «Желпуіш» әдісі арқылы жүзеге асады. Оқушылар үйден сұрақтар дайындап келеді.
Қызығушылықты ояту.
Оқушылар Ұлы Отан соғысының ардагерлерін білесіңдер ме?



Мұғаліммен амандасады. Оқу құралдарын дайындайды.
Сабаққа зейіндерін аударады.
Оқушылар «Жойылсын соғыс» әнін орындайды.
Оқушылар үш топқа бөлінді.
І. Бейбітшілік
ІІ. Тыныштық
ІІІ.Бірлік

Оқушылар үй жұмысына дайындалып келеді.


Әлия Молдағылова, Мәншүк Маметова, Хиуаз Доспанова, Бауыржан Момышұлы, Қасым Аманжолов, Қасым Қайсенов және т.б.






Ортасы
30 мин

Оқушыларға «Қасым» фильмінен үзінді көрсету.
«Т» кестесін толтыру

Білемін

Қостым







ҚБ. Топтар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалайды.
Оқушыларға Қасым Қайсеновтің өмірі таныстырылады.
Қасым Қайсенов
(1918 - 2006)
Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асу-Бұлақ ауылында қарапайым еңбекші отбасында дүниеге келген. 1934 жылы орта мектепті толық аяқтамай Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына оқуға түсті. 1939 жылы оны бітірген соң әскери-барлау мектебіне жіберіледі, 1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіледі. Арнайы тапсырма бойынша Украинаның басқыншылар қолында қалған жеріне жіберіледі. Ол жерде Қасым Қайсенов В.И.Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Молдавия, Украинаның Закарпатье бөлігі, Чехословакия және Румыния жеріндегі ұрыстарға қатысады. Әскери мұрағаттар Қасым Қайсенов туралы маңызды тарихи оқиғаларға толы. Кеңес жері фашист басқыншыларынан азат етілген соң 1945 жылдың басында Отанына оралып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы аппаратын басқарады, содан кейін Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орынбасары ретінде жұмыс істейді. Ардагер-партизан көп уақыт бойы «Жазушы» және «Қайнар» баспаларының редакторы, редакторының орынбасары болады. 1954 жылы Қ.Қайсенов «Жас партизандар» атты алғашқы кітабын басып шығарады. Оның батырлық-патриоттық тақырыпқа арнаған әдеби қызметі осылай басталады. Оның «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында»...атты кітаптары оқырмандарға кеңінен танымал. Олар орыс және украин тілдеріне аударылған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет