Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№6-тапсырма.
«Тапқырлар сандықшасы» сайысын өткізіңдер. Жұпта, топта талқылаңдар.
|
Дескриптор: Жалпы-3 балл:
-кестені толтырады.
-сұраққа жауап береді.
-талөқылайды.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
|
№7-тапсырма. Төмендегі блиц сұрақтарға «иә», «жоқ» деп жауап беру арқылы өзіңді тексер.
|
1. 1998 жылдың 10 маусымында Қазақстанның жаңа астанасы – Астана қаласының салтанатты тұсаукесері болды.
2. Астана қаласы Ертіс өзенінің оң жағалауында орналасқан.
3. Бәйтерек – төрткүл дүниені құшағына сыйғызған өмір ағашы.
4. «Астана Опера» театры 2013 жылдың 21 маусымында ашылды.
5. «ЭКСПО» атауы қазақша «тарих» деген ұғымды білдіреді.
6. «Нұр Әлем» 2012 жылы салынған.
Дескриптор: Жалпы-4 балл.
- сұрақтарға дұрыс жауап береді.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
|
Жеке жұмыс
|
№10-тапсырма.
«Астана – болашақтың қаласы» тақырыбында келісу/келіспеу эссесін жаз..
|
Эссе шарттары:
• Өзің білетін, оқыған ақпаратты есіңе түсір.
• Эссені жоспарла.
• Кіріспе бөлімде «Бұл тақырып қазіргі кезде маңызды ма?» деген пікірді басшылыққа ал.
• Негізгі бөлімде өз мысалдарың мен талдауларыңды негізде.
• Қорытынды бөлімде «Эссенің басында айтылған мәселе бойынша не деуге болады?» деген сұраққа жауап ізде. Ойыңды жинақта, қорытындыла.
|