Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Ребусты дұрыс шеш. Жасырынған сөзге сипаттама бер
|
|
Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
- ребусты шешді.
-анықталған сөзге сипаттама береді.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК
|
|
№2-тапсырма:
Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беріп, жұп-жұбыңмен диалог құрыңдар.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым-айтылым дағдысы қалыптасады.
|
Жазылым-айтылым:
1. Сұрақ: «Астана – Қазақстан халқының мерейі мен мәртебесі» дегенді қалай түсінесің? Жауап:
2. Сұрақ: Автор «жаңа елорда», «жаңа бейнесі», «жарқын келбеті», «дүниенің сегізінші кереметі», «арман қала» деген тіркестерді не себепті қолданған? Жауап: 3. Сұрақ: Астана әлем жұртын несімен таңдандырады? Жауап:
4. Сұрақ: Астана қаласының басқа қалалардан ерекшелігі неде деп ойлайсың? Жауап:
|
Дескриптор:
Жалпы – 4 балл.
- Сұрақтарға жауап береді.
-диалог құрады.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК.
|
|
№4-тапсырма.
Берілген сөздерге ұйытқы сөздерді қосып, жаңа сөз жаса.
Жол, әуе, баян, келіс, жаға, жарыс, сүндет, зейнет, мүшел, сая, мәлім, көсем, сый, ашық, мерей.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |