Сабақтың тақырыбы: Астана қаласына саяхат №1-сабақ. Бөлім


Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету»



бет23/89
Дата22.11.2022
өлшемі7,02 Mb.
#51702
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   89
Байланысты:
6 сынып қазақ тілі 2-тоқсан

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.

8-тапсырма.
Аңыз желісі бойынша «Бәйтерек» оқиғасының суретін сал. Қазіргі «Астана–Бәйтерек» кешенімен салыстыр. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтып бер.

«ВЕНН» диаграммасы:

Берілген тапсырма бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтып береді


Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.



Дескриптор: Жалпы -3 балл.
-ұқсастық-тарын анықтайды.
-айырмашы-лықтарын айтып береді.

Оқулық
Жұмыс дәптерлері




9-тапсырма.

Төмендегі сөйлемдерден диалект сөздерді тауып, әдеби тілдегі нұсқасымен салыстыр. Қандай ерекшеліктері бар екендігін жұпта, топта талқылаңдар.



Айтылым:
1. Құдағай, сізді ауқат ішсін деп төр тамға шақырып жатыр атамдар. 2. Нүсірлеп құйған жаңбыр суы жыра, сайларға сыймай ағып жатыр. 3. Балалар, пахтаның чатағымен жүріп, сабаққа қопалдау дайындалған боларсыңдар. 4. Дегенмен мынадай сұраққа жауап беріп көргін. Еш қысылмағын, саспағын.

Дескриптор: Жалпы -4 балл
- диалект сөздерді табады.
-әдеби тілдегі нұсқасымен салыстырады.
-Қандай ерекшеліктері бар екендігін талқылайды.

Оқулық
Жұмыс дәптерлері




10-тапсырма:
Өлең жолдарынан ауызекі сөйлеу тіліне тән норманы анықтап, әдеби тілдегі үлгіде жаз.

«Аңсарым асқақ Астана» атты өлеңді ауызекі сөйлеу тіліне тән норманы анықтап, әдеби тілдегі үлгіде жазады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет