А. Байтұрсынов атындағы қазақ тіл білімі кафедрасы СӨж тақырыбы: «Қазіргі қазақ әдеби тіліне тән ерекшеліктер»



Дата11.12.2023
өлшемі150,82 Kb.
#136918
Байланысты:
Оракбай Жанерке семинар


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология факультеті
А.Байтұрсынов атындағы қазақ тіл білімі кафедрасы



СӨЖ
Тақырыбы: «Қазіргі қазақ әдеби тіліне тән ерекшеліктер»








Орындаған: Оракбай Ж.Д


Қабылдаған: Анесова У.Г
Алматы, 2023
XIX ғасырдың II жартысындағы ұлттық жазба әдеби тіл өзіне дейінгі қазақтың ауызша тараған төл әдеби тілінің бар қазынасын түгел пайдаланғандықтан, бұрынғы лексикалық қат-қабаттар мен нормалары бұған да тән болды. Сонымен қатар мұнда сапалық өзгешеліктер орын алды. Әдебиеттің жаңа жанрларының пайда болуына және шығарма тілінің сол шығарманың идеялық-тақырыптық мазмұнына үндесе түсуіне байланысты лексикалық топтар көбейіп, сөздік құрам жаңа көздермен (каналдармен) байыды. Әсіресе әлеуметтік-саяси лексика тобы ұлғайды. Публицистика мен жартылай ғылыми стильдердің тууына байланысты қоғам өмірі, саясат, заң, медицина, география, табиғаттану т.б. қатысты сөздер әдебиетте актив және молынан қолданыла бастады. Олардың жоқтары жасалып, барлары тұрақтала түсті. Әсіресе дерексіз ұғым атаулары көзге түсерлік дәрежеде дамыды. Олар адамзаттың рухани дүниесін сөз ету үстінде публицистика мен ғылыми әдебиетте жиірек қолданылатыны мәлім. Осы жанрларға жататын Абайдың «Қара сөздері» мен мерзімді баспасөз тілі және көпшілік-ғылыми үлгілер қазақ тілінде дерексіз есімдердің молаюына бірден-бір себепкер болды. Бұл кезендегі қазақтың ұлттық әдеби тілінің лексикасындағы ерекшеліктердің бірі – жаңа сөздердің (неологизмдердің) көптігі болды. Мұнда бұрыннан бар сөздердің не мағынасын ауыстырып, немесе қолданылу жиілігін арттырып, тұрақтандыру да, өзге тілдерден сөз алу да, қазақ сөздеріне жұрнақ жалғап, жаңаларын жасау да орын алды. Әсіресе соңғы орайда -лық жұрнағының қызметі күшейді. Мысалы, Абайдың бір өзі осы жұрнақтың көмегімен ондаған жаңа атауды ұсынды (ынтықтық, масқаралық, қырмызылық, суықтық, жылылық, арлылық, тоқтаулылық, жеңсікқойлық, қорғалауықтық т.т.). Бұл атаулардың бірқатары тұлға ретінде бұрында да бар болғанмен, белгілі бір терминдік мәнде жұмсалмайтын. XIX ғасырда шыққан екі тілдік сөздіктерді құрастырушылар орыс сөздеріне қазақша балама іздеу үстінде кейбір жаңа өздерді өздері жасап отырған. Ол үшін жалпы мағынасы жуық келетін, бұрыннан таныс қазақ сөздерін немесе қазақ тіліне сіңіп кеткен араб-парсы сөздерін алады. Мысалы: ойыншы – актер, сома – капитал, өсімші, сүтхор – банкир, әмектес – компаньон т.т. Сөздікшілер жаңа сөздер жасауда калька тәсілін пайдаланады. Мысалы, поденщик деген ұғымды күндікші деп, печатный деген ұғымды тасқа басқан деп, больница –аурухана, отдых – демалыс, писец – жазушы деп ұсынуларынан калька құбылысы көрінеді.Лексика құрамын толықтырудың келесі жолы бұрыннан қолданылып келген араб-парсы сөздеріне жаңа, нақты мағына беру арқылы жүзеге асқан. Мысалы, бұл кезде ғылым/ илм/ілім, ғалым, ақы/хақы, дарухана, хисап ілімі, кітапхана, кітапшы, өнер/ һөнер, махкеме, қызмет/хизмет деген сөздер қазақ қауымы үшін енді-енді таныс бола бастаған наука, ученый, жалованье, аптека,арифметика, библиотека, библиотекарь, искусство, управление, служба деген терминдердің баламасы ретінде тұрақтала бастайды (әрине, бұл ұғымдардың өздері бұрыннан таныс болғанмен, оларды бір сөзбен дәл атау дәстүрі жоқ екендігі аян). XIX ғасырдың II жартысында осы көрсетілгендей, араб-парсы сөздерін түрлендіріп, ягни мағыналарын жаңғыртып, кеңейтіп, тарылтып пайдалану, тіпті бұл тілдерден жаңадан сөз алу – әлі де тоқтамаған тірі процесс болатын. Әсіресе проза жанрлары шығыс тілдерінің элементтерін молырақ жұмсады. Бұл кезенде араб-парсы сөздері поэтикалық қазына қорында түзеді. Дүлдүл, перизат, айдаһар тәрізді сөздер өздерінің мифологиялық мәндерінен айрылып, поэтикалық образдар жасайтын құралға айнала түседі. Мысалы, Абайдың перизаты – пейіштегі хор қызы емес, «Евгений Онегиндегі» Татьяна Ларина! Айдаһары – айналасын жалмайтын мифологиялық аждаһа емес, Кавказдағы Терек өзенінің толқыны!Қазақ лексикасы орыс сөздерімен толықты. Әсіресе Ресей империясының ел билеу, сот жүйесіне, сауда-саттыққа, орыс мәдениеті арқылы келген әртүрлі зат, бұйым, іс-әрекет атауларына, оқу-ағартуға байланысты жаңа ұғымдарды орыс сөздерімен білдіру принципі орнықты. Мысалы бір ғана сала – қазақ даласына келген Ресей империялық сот істеріне қатысты закон, адвокат, дознание, посредник, судья сияқты орыс сөздері баспасөзде де, ресми іс-қағаздарында да, Абайда да еркін пайдаланылады. Сол сияқты доктор, визит, награда, кандидат, начальник, трагедия, князь, граф, расход, франк, такт тәрізді сөздер жиі жұмсалмағанмен, сол кездегі қазақша жазбаларда орын алған (бұлар, әрине, біз тізіп бергендей орысша тұлғасында емес, біршама қазақыланған түрде қолданылды). Бұлардың көбі осы тұстан бастап қалыптасып, қазіргі әдеби тілімізге енді.Орыс атауларын аудармай қабылдау – сол кездегі өмір талабынан туған зандылық. Қоғам өмірі мен әдеби тілдің даму сатысы XIX ғасырдың II жартысында әр нәрсені, әр құбылысты, әлеуметтік-саяси не экономикалық мәні бар іс-әрекетті өзгелерімен шатастырмай, жеке атау талабын қойды. Мысалы, бұл кезде қазақ жерінде заң-сот істерінің үш түрі қатар өмір сүрді: бірі – қазақтың бұрынғы әдет-ғұрып дәстүрлеріне негізделген, билер жүргізетін қылмыс-іс құқығы, екіншісі – мұсылман дінінің заң құқығы – шариғат, үшіншісі – Ресей империялық сот құқығы. Соңғы құқықты алдыңғы екеуінен ажыратып көрсету үшін закон/ закүн сөзі әдейі қолданылады. Қазақ қоғамының бұрыннан келе жатқан билер құқығын көбінесе әдет-ғұрып немесе заң деп атау дәстүрі пайда болады, ал ислам дініне негізделген құқықты тек қана шариғат деп атау әдеби тіл нормасына айналады. Дознание, посредник, адвокат атаулары да – осы мотивте, яғни ажырату үшін алынған сөздер. Монастырь – шіркеу де емес, мешіт те емес, өзгеше дін тұрағы, демек, оны басқаларына араластырмай, өз атымен беру қажеттігі осы сөзді (монастырь сөзін) қабылдатады.Орыс тілінен енген сөздердің тұлғалануы жағынан мынадай ереже ретінде қабылданып, жазылмаған (кодификацияланбаған) нормалары болғаны байқалады:
Ауызекі сөйлеу тілінде жиірек қолданылып, қазақ тілінің
дыбыс заңдарына икемделген сөздерді сол қалыптасқан түрлерінде беру. Мысалы: болыс, ауылнай, піркәшік, ояз, майыр, облыс, боблық шашу
(публикация, обнародование), мүлиеншік, пөселкет.б. Бұлар жазба нұсқаларда да, сөздіктерде де осылайша берілген.


Демек, әңгіме етіп отырған кезеңдегі жергілікті ерекшеліктер ұлттық тілдің сөздігін толықтыратын көз ретінде қызмет етті деуге болады. Бұлардың бірсыпырасы – қазіргі қазақ тілі нормасы бойынша диалектизм болғанмен, өткен кезендерде олар барлық өлкеге тән болғаны байқалады. Мысалы, «жақсы ата, асыл тұқым» мағынасында «батыстық» сой сөзін Абайдың баласы Ақылбайдың тілінен табамыз, сол сияқты толағай сөзін Қазақстанның екінші қиырында жасап өткен Шал мен Дулат ақындардан кездестіреміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет