бет 6/6 Дата 31.12.2021 өлшемі 0,61 Mb. #23031
Байланысты:
«Абай тіліндегі бейнелегіш кұралдар»
Мінеки, бұл оралымдар – орта ғасырлық жазба әдеби мұраларының мөлдір тұнығын
үлгі алған Абайға ғана тән жаңа үлгілер. Екі кезеңге ортақтығымен қатар , жаңаша көркемдік мазмұнда өрбіген, жазба әдебиетке сән берген сөз қолданыстары. Демек, Абай орта ғасырлық
түркілік жазба әдебиетпен таныс болған. Тек танып, біліп қоймай тереңдей оқып , меңгерген.
Даналық бұлағынан қанып ішкен. Орта түркілік поэзиялық, прозалық шығармалар мен Абайдың парасатты поэзиясында тереңнен тартылған алтын тамыр , өнер, дәстүр сабақтастығы
бар. Ақыл, нақылдың тереңнен тартқан тамырынан сусындап , кейінгіге нәр бере отырып,
ұлттың қайғы, мұңын жырлай келе Абай ұлт шеңберінен шығып , адамзаттың Абайына айналды.
Достарыңызбен бөлісу: