Сабақтың тақырыбы Атомда электрондардың таралуы



бет3/4
Дата04.09.2022
өлшемі250,26 Kb.
#38440
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Саба ты та ырыбы Атомда электрондарды таралуы

«Тепе теңдік дөңгелегі» әдісі бойынша үш топқа тапсырма беремін.
1-топ: натрий атомдарының электрондарының санын және олардың деңгейлерде орналасуын көрсетіңдер
2-топ: хлор атомдарының электрондарының санын және олардың деңгейлерде орналасуын көрсетіңдер
3-топ: азот атомдарының электрондарының санын және олардың деңгейлерде орналасуын көрсетіңдер
Әр топ өздерінің түсінгенін постерге түсіріп, қорғайды.
Топтар бір–бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.
Дескриптор:
-натрий атомының электрон санын және энергетикалық деңгейлерде көрсетеді
-хлор атомының электрон санын және энергетикалық деңгейлерде орналасуын көрсетеді
-азот атомының электрон санын және энергетикалық деңгейлерде көрсетеді
2 тапсырма «Көкпар» әдісі
1-топ тапсырма: реттік нөмірі 19,32, 35 -ке тең элементтердің электрондық құрылысын көрсет.
2-топ тапсырма: реттік нөмірі 20,13,19 -ке тең элементтердің электрондық құрылысын көрсет. .
3-топ тапсырма:Реттік нөмірі 10,18, 24 – ке тең элементтердің электрондық құрылысын көрсет.
Дескриптор:
- № 19,№32,№35 атомдағы химиялық элементтердің электрондық құрылысын анықтайды
- №20,№13,№ 19 атомдағы химиялық элементтердің электрондық құрылысын анықтайды
-№10,№18,№ 24 атомдағы химиялық элементтердің электрондық құрылысын анықтайды

Бейнебаян






Сабақтың соңы
5 минут



«Менен -сұрақ сізден –жауап» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.
Сұрақ-жауап:
1. Ядродағы қандай сан элементтің реттік нөміріне тең?
2. Нейтрон мен протонның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
4. Протон мен электронның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
5. Протон, нейтрон және электронның массасы мен зарядтар қандай?
6.электрон бұлттының пішіндері ата ?
7. s-p орбиталарында қанша электрон болады
Дескриптор:
-Элементтердің протон, электрон,нейтрон сандарының айырмашылығын біледі
-электрон бұлттарынын пішіндерін атайды және құрамын біледі
- s-p орбиталарында қанша электрон бар екенін біледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет