Сабақтың тақырыбы: Атомдар мен молекулалар Бөлім: 2a атомдар. Молекулалар. Заттар



бет1/28
Дата31.12.2021
өлшемі325,75 Kb.
#23311
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Химия. 7-сынып. 2 тоқсан


Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Атомдар мен молекулалар

Бөлім:

7.2A Атомдар. Молекулалар. Заттар


Педагогтің аты-жөні:

Қалықұлова А.Н.

Күні:

16.11.2021ж

Сыныбы: 7

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Атомдар мен молекулалар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.2.1 -атомдар мен молекулалардың айырмашылығын білу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Атом заттың ең кіші бөлшегі екенін біледі;



Көпшілік оқушылар үшін:

Молекула заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі екенін біледі



Кейбір оқушылар үшін:

Атомдар мен молекулалардың айырмашылығын біледі



Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.


(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.




Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.

1 топ: Кітап

2 топ: Дәптер

3 топ: Қаламсап




Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Мектеп алаңы

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы


(Қазіргі жағдайда) ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Жаттығу жасайды.




Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады?

2. Молекула дегеніміз не?

3. Заттардың молекулалары бірдей ме?


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет