Күні: 02.05.2023ж.
Сабақтың тақырыбы: «Ауылымның тарихы - тұнған шежіре».
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өз ауылымыздың тарихын тангыстыру арқылы туған жерге деген құрметтің шексіз екенін түсіндіру.
Сабақтың түрі: аралас.
Көрнекілігі: Карталар, суреттер, портрет.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгелдеп,сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ: «Ауылым – алтын бесігім» дегендей Көксарай ауылы біздің алтын бесігіміз саналатыны анық. Көксарай ауылдық округі,Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік округ. 1934 жылы құрылған. 1940 жылы Ақынтоғай, 1994 жылдан бері қазыргі атымен аталады. Округ орталығы Көксарай ауылы аудан орталығы Шәуілдір ауылынан Оңтүстік батысқа қарай 32 км жерде, тұрғыны 4,2 мың адам (2003). Іргесі 1940 жылы «Шәуілдір» Қаракөл шаруашылығының орталығы ретінде қаланған. Оның негізінде 1997 жылы бірнеше шаруа қожалықтары ұйымдасқан. Орта мектеп, клуб, фельдшер-акушерлік пункт, т.б мекемелер бар. Ол ауданың орталығы Шәуілдірден батысқа қарай 32 км қашықтықта. Округке Көксарай, Жанкел, Ызакөл, Шенгелді ауылдары қарайды, тұрғын саны 5,4 мың адам (2004).Шенгелді ауылы Көксарай ауылынан солтүстікке қарай 11 км жерде. Сырдарияның сол жағалық аңғарында, қамыс, құрақ аралас әртүрлі астық тұқымдас шөптесін өскен аллювийллі жазықта орналасқан. Тұрғыны 0,58 мың адам. Ауыл 1940-96 жылдары қаракөл қойын өсіретін «Шәуілдір» кеңшарының бөлімшесі болған. Бөлімше негізінде Шәуілдірде бірнше Агроқұрылымдар жұмыс істейді. Ауылдың шығысында 700 метр жерде Сырдария өзені ағып жатыр. Ауыл маңынан Түркістан – Шардара автомобил жолы өтеді.
Ызакөл Көксарай ауылынан оңтүстікке қарай 22 км жерде. Тұрғыны 0,35 мың адам (2004). Ауыл 1940-96 қаракөл қойын өсіретін «Шәуілдір» кеңшарының бөлімшесі болған. Бөлімше негізінде Ызакөлде Агроқұрылымдар жұмыс істейді. Ауылдың батысында 1 км жерде Сырдария өзені ағып жатыр. Ызакөл арқылы Түркістан –Сарағаш – Шардара автомобил жолы өтеді.
Көксарай ауылдық округінде Заречное кең орны орналасқан. Іргесі 1934 жылы Қаракөл қой шаруашылық ұжымшары ретінде қаланған. Қазыр Көксарай ауылдық округінде 15 ЖШС ,5 ӨК, суды пайдаланатын 2 қауымдастық, бір тұтыну коорперативі, 2 мақта қабылдау пункті, наубайхана, 11 сауда орындары жұмыс істейді. Әлеуметтік –мәдени нысандардан 2 орта, 1 негізгі, 2 бастауыш мектеп, Көксарай орталығының кітапханасы, байланыс бөлімшесі, моншасы, клубы, Көксарай ауылдық ауруханасы, 3 фельдшер-акушерлік пункт, 2 дәріхана, т.б. мекемелері бар. Округ аумағында Сазантөбе, Жартытөбе, Аққорған, Төрткүлтөбе, Шаншартөбе, т.б. тарихи археолог орындар қирандысы сақталған. Жетісай-Түркістан-Қызылорда және Отырар-Бұхара автомобил жолы өтеді. Көксарай ауылынан елге танымал көптеген ақындар, жазушылар, ғалымдар шыққан.