Тапсырманың дескриптерлері: - жылдамдық пен үйлесімдіктің арнайы жаттығулар кешенін құрастырып көрсете алады;
- жаттығуларды орындаған кезде аралық пен ара қашықтықты сақтайды;
- жаттығуларды орындаған кезде бірде бір төртбұрышты өткізбейді;
- жаттығуларды қатесіз орындайды.
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
Мұғалім «бағдаршам» әдісін қолданады (әр түсті дөңгелек карточкалары): жасыл – тамаша, сары – жақсы, қызыл – қанағаттанарлық.
Ойын "Үшінші-артық". Алдымен қуатын және қашатын"үшінші артық" ойыншыларды таңдайды. Барлық ойнайтындар жұптарға бөлініп, бірінің артына бірі тұрып екі шеңбер құрады. Сонымен қос шеңбер болып шығады. Ойын алдында қуатын оқушы шеңберлердің ортасында тұрады, ал қашатын сыртында. Дабыл бойынша қуушы ойынды бастайды. Қашушы тек қана шеңбердің сыртымен жүгіре алады, ал қуушы шеңбердің ішімен де жүгіре алады. Кез келген сәтте қашушы ойыншы тұрған бір жұптың алдына тұрады. Бұл жағдайда үшінші-«артық» ойыншы ойынды жалғастырады, оның орнына қашады. Осылайша, барлық ойыншылар қашуға дайын болуы тиіс, өйткені жағдай ойын алаңында қойылуы мүмкін кез келген уақытта. Бір мезгілде жүгіруге тек екі ойыншы (қуушы және қашушы) мүмкін.
Қуушы қашушыны ұстаса, олар орындарымен ауысады. Ойын барлық ойыншылар толық шаршағанша ойналады.
Кішкентай қулықтар:
шеңбер кішіреймес үшін қашушы бір жұптың алдына тұрғаннан кейін жұптар бір қадам артқа жылжыйды;
қашушы шаршамау үшін тез арада бір жұптың алдына тұруы керек.
Тапсырманың дескриптерлері: -қауіпсіздік техникасын сақтайды; - ойын кеңістігінде бағдар жасай алады; - қашушы шеңберден алыстамайды; - қашушы шеңбердің ортасынан жүгіріп өтпейді.