Сабақтың тақырыбы Қауіпсіздік ережесі Денсаулық туралы жалпы ұғым. Дене тәрбиесі дегеніміз не?



бет137/140
Дата25.11.2023
өлшемі9,24 Mb.
#127436
түріСабақ
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   140
Байланысты:
1 сынып ҚМЖ

Жасыл-барлығы дұрыс
Сары- қателер бар
Қызыл-дұрыс болмады


Рефлексия «Таңдау мен себеп»
1.Мен сабақ қызықты, қызықсыз болды деп ойлаймын, себебі...
2. Мен сабақта: көп нәрсені, үйрендім, үйренгенім аз болды, себебі....
3. Мен басқаларды мұқият зейінсіз тыңдадым, себебі....
5.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын риза емеспін, себебі ....


Үйге тапсырма:
Қабілеті жақсы және жоғары оқушылар орындайды: суретте берілген көлік түрлерінің екеуін таңдап, сипаттамалық мәтін жазады.
Қабілеті орта оқушылар орындайды:суретте берілген көлік түрлерінің біреуін таңдап, сипаттамалық мәтін жазады.
Бағалау. Топ басшысының бағасы.



Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы


Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Секіруді дамыту үшін тапсырмалар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.2.1. Бірлескен жұмысты және көшбасшылық дағдыларды сипаттау

Сабақтың мақсаты



Барлығы: Ұзындыққа және биіктікке секіру тәсілдерін түсінеді , меңгереді
Көбі: Дене қозғалыс қасиеттерін дамытады.Жылдамдылыққа, ептілікке үйренеді.
Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Бағалау критерииі

1. . Бір немесе бірнеше тактикалық әрекет жасайалады;
3. Ойын үрдісінде тактикалық амалдар қолданады.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Бой сергіту жаттығулары.

Сап жаттығулары
Жалпы дамыту жаттығулары
Жүру түрлері.Аяқтың өкшесімен,сыртқы қырымен,аяқтың ұшымен ,жартылай отырып, төменгі жылдамдықпен жүгіру. 
Тынықтыру жаттығулары
Орнында жасалатын жаттығулар
1.Б.Қ екі қол белде.
2.Б.Қ..екі қол иық үстінде,аяқ иық кеңдігінде алшақ
3.Б.Қ екі қол кеуде тұсында 
4.Б.Қ сол қол белде,оң қол жоғары
5.Б.Қ аяқ иық кеңдігінде алшақ 
6. .Б.Қ аяқ иық кеңдігінде алшақ,қолдыңсаусақтарын айқастыра ұстап

7. Б.Қ..екі қол тізеде 



Қойылған сұраққа өз ойын айту, жауап беру.
Қозғалмалы бой жазу жаттығулары
- Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру.
- Екі қол белде өкшемен жүру.
- Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.
- Бір қалыпты жеңіл жүгіру.
- Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру.
- Арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру.


1.

Қол шапалақ

Футболдобы, ысқырық,уақыт өлшегіш,жалауша.

Ортасы

Жаңа сабақты түсіндіру
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Биіктікке секіру 4 жаттығудан тұрады. 
Олар: екпіндей жүгіру, серпілу, кермеден асу, жерге түсу. 
Биіктікке секіруді «аттап секіру» де те атайды. Себебі көлденең кермеден секіргенде одан алдымен бір аяқты, содан кейін екінші аяқты аттап секіреді. 
«Аттап секіруді» бастамас бұрын орындалатын жаттығулар: 
1. Бір орында тұрып, белгілі бір биіктіктен жай аттап өту. 
Белгілі бір биіктіктен аттап өту үшін алдымен сілтенген аяқ сол биіктіктен асып, жерге тигеннен кейін барып екінші аяқты асырады. 
2. Бір орында тұрып биіктіктен секіру. 
Серпілетін аяқтың өкшесі секіру сызығын басып, тізе сәл бүгілген қалыпта болады. ал сілтенген аяқ қолмен бірге жоғары сермей көтеріледі. 
Серпілетін аяқ биіктен асқан кезде жерге түсетін бүйірге қарай сәл бұрылу керек. 

«Аттап секіру» әдісімен секіргенде алдымен көлденең кермеге екпіндей жүгіріп келу керек. Әр адамның жүгіргендегі адымының ұзындығы әр түрлі болғандықтан, жүгіріп келетін қашықтығын әркім өзі белгілегені дұрыс. Егер оң аяқпен серпілетін болса, жүгіруді солаяқтан, ал сол аяқпен серпілсе, оң аяқтан бастайды. 

Секіргенде серпілетін аяқ сәл бүгіліп, соңынан алға созылған қолмен бірге түзуленіп жазылады. Серпілген аяқ жерден көтерілгенде толық жазылуы тиіс. Сілтеген аяқ кермеден асқан соң сәл бүгіліп барып жерге түседі. 

Биіктікке секіру түрлері: 
Бір адым аттап секіру. 
Жүгіріп келіп екі адым аттап секіру. 
Жүгіріп келіп үш адым аттап секіру. 
25 мин Оқушыларға қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. 
Биіктікке секіру құрал-жабдықтарын, секіріп түсетін жерді тексеріп алу, қалай орындау керектігін көрсету. 

Оқушыларды биіктікке секіру жаттығуларымен таныстыру 

. Жеңіл атлетика бөлімдері
а) Алыс және жақын қашықтыққа жүгіру.
ә) Жоғары және төмен старт ережелері.
б) Ұзындыққа және биіктікке секіру.
в) Орнынан секіру қимылдары.


Қауіпсіздік ережелрін сақтау 

Оқушылардың жаттығуларды дұрыс орындауын қадағалау.  Ұлттық ойындар:
Соқыр теке. 
Балалар дөңгелене тұрады.Бір баланың көзі байланып қойылады. 
Балалар:Бота,бұзау,қозы,лақ 
Қайда кеткен құлыншақ 
Соқыртеке бақ-бақ 
Мені ізден тап-тап 
Деп тақпақтайды. 
Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы(баларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады.Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыр теке» ролін атқарады.Ойын осылайын жалғаса береді.

Белгі бойынша топтын бірінші ойыншылары, белгіленген жалаушаға дейін, қапшықпен қосаяқтап секіріп барып,секіріп қайтады. Келесі ойыншыға қапшықты жылдам тапсыруы керек. Ойын осылай жалғасады.



Топ белсендісі анықталып, топ басшысы болып тағайындалуы
ҚБ «Бағдаршам»
ҚБ «От шашу»



Футболдобы, ысқырық,уақыт өлшегіш,жалауша.

Сабақтыңсоңы



Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім.
- нені толық түсінбедім деген сұрақтарға жауап іздейтін болады.
«Білемін, білдім, білгім келеді» амалы арқылы оқушылардан кері байланыс алуға болады. Ол үшін олар төмендегідей кестені толтырып кетеді:

Сабақ мақсаты

+
(білемін)

-
(білдім)

?
(білгім келеді)













Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)
Келесі сабаққа дайындалу үшін киім ауыстыру бөлмесіне бару.

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет