Сабақтың тақырыбы Қауіпсіздік ережесі Денсаулық туралы жалпы ұғым. Дене тәрбиесі дегеніміз не?



бет76/140
Дата25.11.2023
өлшемі9,24 Mb.
#127436
түріСабақ
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   140
Байланысты:
1 сынып ҚМЖ

Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Қазақ халқының салт дәстүрлері және мәдениетімен таныстыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.7.1 дербес және топтық қызметті орындау кезінде өзара қалай әрекет етуді білу
1.3.5.1 дене қимылдарына қатысу мүмкіндіктерін анықтау

Сабақтың мақсаты



Барлық оқушылар орындай алады:
Қазақтың ұлттық ойындарының бірі арқан тартыс жайлы біледі.
Оқушылардын көпшілігі орындай алады:
Оқушылар асық ойынында асықты атып түсіре алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Көкпарда салымды қазандыққа салуды орындай алады.

Бағалау критерииі

Жарыс іс-әрекеттері және төрелік ету ережелерін білу



Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Оқушыларды қатарға тұрғызу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Рапорт қабылдау, амандасу. Қауіпсіздік ережесін түсіндіру.
Саптық жаттығуларды орында орындау. Оқушыларға жаттығулардың толық орындалуын ескертіп, қадағалап отыру.
Оңға, солға, кері бұрылуды кайталап өту.

Жүгіру барысында орындалатын жаттығулар


Қолды алдыға қойып, тізені көтере жүгіру (денені тік үстау).
Қолды екі жаққа төмен түсіріп, аяққа кезек-кезек тигізе жүгіру.
Қолды жамбас тұсқа қойып, өкшені тигізе жүгіру.
Екі қолды бірдей құлаштай аяқты жанға соза жүгіру (екі жаққа кезек-кезек)
Жүру барысында орындалатын жаттығулар
Екі қол белде аяқ ұшымен жүру.
Қол белде өкшемен жүру.
Қол белде аяқтың сыртқы қырымен жүру.
Қол белде артқа қарап жүру.

Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ

Тренинг жазылған парақшалар

Ортасы

Дәстүрлі қазақтың ұлттық ойындарына асық, тоғызқұмалақ, көкпар, арқан тартыс, бәйге, ләңгі, теңге алу, күрес, т.б. жатады.
Асық ойнау халқымызда көнеден бері жалғасып келе жатқан ойын түрі болып саналады. Асық ойынында шеңбер сызылады. Шеңбер ортасына сызық сызылып, оған асықтар тігіледі. Ойында ату кезегі оқушылардың реті бойынша жүргізіледі. Асыққа дәл тигізіп, шеңберден шығарған ойыншы қайта ату мүмкіндігіне ие болады және шеңберден шығарған асықты өз еншісіне алады. Осылай ойын кезек-кезегімен жалғаса береді. Асықты шеңберден шығарып, көп жинаған ойыншы жоғары ұпайға ие болады.

Оқушыларға «арқан тартыс» ережелерімен түсіндіріліп, оларды топқа спорттық құрал-жабдықтарды таңдау барысында екіге бөлінеді. Арқан тартыста ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан пайдаланылады. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байланады. Арқанның қызыл мата байланған жерін еденге немесе сызылған белгі-сызықтың үстіне дәл келтіреді де, екі жақтың ойыншылары арқанның сол белгісінен бастап бірінің артынан бірі қос қолдап ұстап, тартып тұра қалады.


Алдыңғы ойындағы бөлінген топқа «көкпар» ойынының ережесін түсіндіріледі. Көкпарда «салым» ретінде допты, «қазандық» ретінде жеңіл автокөлік дөңгелегін пайдаланылады. Белгі берілген сәтте екі топ жүгіріп, салымды (допты) қазандыққа (дөңгелекке) салады.



Ережелерді пайдаланады
Ойын барысына негізі қауіпсіздік ережесін сақтайды



Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау

ҚБ «Бағдаршам»


ҚБ «От шашу»



Мұғалім үшін ысқырық, шаңғы құралы және секундамер.



Сабақтыңсоңы



Рефлексия:
Мұғалім қортындылап, рефлексия жүргізеді. Оқушыларға сабақ жайында өз ойларын айтуды ұсынады.
Мұғалім үйге тапсырма береді: шаңғы спортының терминдерін біліп алу.
Таң ертеңгілік жаттығу, пресс, таянып жатып еденнен итерілу, кермеден тартылу.

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет