Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.
Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.
Футбол добы, ысқырғыш, бор, конустар, қақапа бағанасы. https://infourok.ru/podvizhnie-igri-s-elementami-futbola-1461767.html https://summercamp.ru/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D1%81_%D0%BC%D1%8F%D1%87%D0%BE%D0%BC
Сабақтың ортасы 25 минут
(С, Ж, ҚБ) «Төрт алаңдағы ойын». Сынып екі командаға бөлінеді, әр командада 4 ойыншы болады. 30 х 30 м алаң 4 бөлікке бөлінеді. Белгі берілген кезде командалардың бір ойыншысыойынды бастап, допты басқа алаңға өзінің серіктесіне береді. Қарсылас ойыншылар бір-бірінен 5 м қашықтықта тұрады. Допты алған ойыншы оны басқа серіктесіне беруге тырысады. Доп дәл берілген кезде команда бір ұпайға ие болады (ең бірінші берілген доп есептелмейді). Ойын 5-8 минутқа созылады. Содан соң командалар орындарымен ауысады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
Ойын басталмас бұрын оқушылар дайындық жаттығуларын жасап алуы керек. Оқушыларға бұл ойынның допты беру арқылы дәлдікті, командада ойнай білу дағдыларын дамытатындығын түсіндіріңіз. Қорғаушы рөлін ойнайтын ойыншы қарсыласына 3-4 метрге ғана жақындай алады. Командалар бір-бірімен ауыспас бұрын ойынға талдау жасаңыз. Доп беру техникасына, ойыншылардың тактикасына назар аударыңыз.