Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
5.2.8.8 Түрлі қимыл-қозғалыстарға негізделген рөлдерді анықтай білу
Сабақтың мақсаты
Түрлі қимыл-қозғалыс ойындары арқылы физикалық қабілеттерін жетілдіру.
Өзінің және өзгенің қозғалыс қабілеттерін біліп, анықтай алады.
Бағалау критерииі
Түрлі қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы өзінің және өзгелердің физикалық қабілеттерін анықтай алады.
Топтық ойындарда бірлесе жұмыс жасай отырып, қиындықты шешу жолдарын табады.
Сабақтың кезеңі/ уақыты
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
1.Ұйымдастыру кезеңі:
- сапқа тұру,сәлемдесу;
- сабақтың оқу мақсатын, сабақтың мақсатын және жетістік критерийін түсіндіріп мәлімдеу;
2. Ынталандыру, сергіту ойыны: «Ұшты-ұшты»
Ойын бастаушы айнала отырған ойыншыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын заттарды араластыра айтып отырады, Шарт бойынша,тез ұшатын зат аталғанда ғана,ойнаушылар қолдарын көтеру керек,Ал егер кімде-кім ұшпайтын зат аталғанда ғана қолын көтеріп қойса,айыбын тартады,яғни бір өнерін көрсетеді,Ойын осылай жалғаса береді,
3.Арнайы жүгіру, секіру дайындық жаттығуларын орындау:
а) оң ж/е сол қапталмен аяқты алшақ қойып секіре-жүгіру;
ә) қолды белге қойып, тізені бүкпей аяқты алға сермей жүгіру;
б) қолды желкеге қойып, тізені бүгіп өкшені артқа сермей жүгіру;
в) тізені алға бүгіп жоғары көтере жүгіру;
г) оң ж/е сол қапталмен аяқты қиғаш айқастыра сала жүгіру;
ғ) оң ж/е сол аяқты ауыстыра отырып алға секіре жүгіру.
Әрбір дайындық жаттығуы спортзалдың жарты айналымына дейін ғана орындалады. 4. «Өзіңді сына» әдісімен видеоролик көрсетілімі арқылы жалпы дамыту жаттығуларын фитбол добымен орындаңыз.