3.Дене күші мен демалысты үнемдеп
жұмсай білу.
-Ұзақ қашықтыққа жүгіруді өте жоғарғы жылдамдықпен бастауға болмайды.
Себебі: жүгіру жылдамдығының жоғарылығы дене күші мен демалысты жүгіру жолының біраз бөлігі өткеннен кейін тауысып алуға әкеліп соғады.Одан кейін жүгіру жолын жалғастыра алмай қалуымыз мүмкін.Сондықтан дене күші мен демалысты дұрыс есептей отырып, жүгіру жолына дұрыс бөле білу ұзақ қашықтыққа жүгіруде өте маңызды болып есептеледі.
4.Өз мүмкіндігіңді дұрыс есептей отырып
әріптесіңнен басып озу.
Жүгіру жолында алдыңдағы жүгірушіден басып озу үшін дене күші мен демалысыңды есептей білген жөн.Өзіңе сенбесең басып озуды бастамаған дұрыс.Себебі: қарсыласыңнан озамын деп дене күші мен демалысты тауысып алуың мүмкін.
5.Мәреге келу.
- Мәреге келу жалпы жүгіру барысындағы жауапты кезең болып табылады.Мәреге жақындағанда ең жоғарғы жылдамдықты ұстау
керек.Бұл көрсеткішті жақсартудың тиімді жолы.
Артық дене күші мен демалысты пайдалану мәреге 50-60 м қалғанда басталады.
6.Мәреден өту.
- Мәреге жақындағанда жоғары жылдамдықты сақтай отырып,ақырғы адымда денені алға қарай еңкейте,сөре сызығынан жүгіріп өту керек.Егерде жүгіруші мәреге бірнеше адым қалғанда қашықтықты қысқартам және уақытты ұтам деп секірсе,ол қатты қателеседі.Себебі мұндай сәтте жүгіруші тепе-теңдікті жоғалтып,кей жағдайларда құлап қалуы да мүмкін. Мұндайда жылдамдық өсудің орнына бәсеңдейді.Екі немесе бірнеше жүгіруші мәреге қатар келген жағдайда,яғни тең сайыста кеудені еңкейтудің немесе иықты бұра қоюдың маңызы зор.Осындай қозғалыс көп ретте жеңіске жеткізеді.
Біздің жүгіру жолымыздың әр айналымы 500 м сондықтан жүгіру жолын үш рет айналу керек.
Жүгіру көрсеткіші: «5»- Ұ-7,30 Қ-8,00
«4»- ұ-7,50 Қ-8,20
«3»- ұ-8,10 Қ-8,40
«2»-
Біз жүгіру барысындағы қажетті ақыл-кеңесімізді түсіндірдік.
«Сөреге!»
«Дайындал!»
«Алға!»
Жүгірушілер жүгіру жолын бастайды.
өшбасшылық қасиеттерін көрсете алу, талдап және бағалау.
|
Алыс қашықтыққа жүгіру ережесін сақтайды
Жүгіру барасында арнайы ережелерді сақтайды
Қашықққа топпен жүгіреді
|
Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау
ҚБ «От шашу»
|