Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Ағаш діңінен өңделетін материалдармен олардан жасалатын өнім түрлерімен танысу.
ә) тәрбиелік: Оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін , қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.
б) дамытушылық: ағаш кесінділерінің алуан түрлі болатынын, оның қолдану салаларының да өте кең екенін түсіндіре отырып, оқушылардың ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пән аралық байланыс : математика,биология
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс жүргізу.
Көрнекіліктер: ағаш кесіндісінің суреттері, плакаттар, интерактивті тақта, кітаптар, журналдар, сөзжұмбақ, кесте, ағаш туралы әзіл өлеңдер.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Республикамызда ағашты мәнерлеп өңдеудің түрлері мен ерекшеліктері.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жоспар:
Ағаш діңінен көптеген материалдардың кесінділері өңделеді. Олар ағаш ұсталығының барлық өңірінде де кең көлемде қолданылады. Ағаш дегеніміз – өсіп тұрған тығыз материал. Ол тамырдан, діңінен, бұтақтарынан тұрады.
Ағаштың негізгі бөлігі-діңі. Халық шаруашылығында ағашты пайдаланбайтын бірде-бір сала жоқ. Ағаш әсіресе құрылыс ісінде аса көп қажет. Ағаштан есік, терезе блоктары, еден, түрлі жақтаулар мен таяныштар жасалады. Олар өлшемдеріне,жан-жағының кесілуіне қарай әртүрлі материалдарға бөлінеді. Қазіргі кезде құрылыстағы ағаш шеберлігі жұмыстары кең көлемде механикаландырылған. Ағашты алғаш ұқсату кезінде электр арасының көмегімен тіледі. Бұтақ өңдеуші оператор бұтақтарда кесіп, ағаштың қабығын тазартып, көлденеңінен кесу станогынан өткізеді.
Кесілген ағаштардан еден тақтайларын, керегекөз (50х50), белағаш (50х200), шпал (200х200), шпон (1х1,5) горбыль т.б. материалдар дайындайды.
Ағаштың кесілген ұнтағынан қағаз, ДВП, ДСП бұйымдарын шығарады
ІV Пысықтау
Осы тақырыпқа арналған тапсырмалар бар. Оқушылар мына жұмбақты шешіп көрейікші. 1 тапсырма: Жұмбақ Жүз мүйізі бар
Үстінде киізі бар. (киіз үй)
ІІІ.тапсырма
Ағаш кесінделерінің өлшемі туралы кесте толтыру
Ағаш кесінділерінің қолданылуы: Үй жиһаздарын дайындау
саз аспаптарын жасау , теміржол саласында , құрылыста
V Сергіту сәті. Ағаш туралы әзіл өлең оқу. Интерактивті тақтаның көмегімен.
Мақалдың жалғасын табу.
1.Ағаш ексең аялап,
Басыңа болар саябақ.
2.Бір тал кессең,
Он тал ек
3.«Ер-елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі».
4.Мәуелі ағаш майысқақ.
5.Орман көп болса, олжаң көп.
6.Ағашы аласа болса да,
Алмасы тамаша.
VІ Бекіту. Тест жұмысы
1.Ағаштың жіңішке кесіндісін не деп атайды?
а)Шпон ә)шпал б)стропила
2.Ағаш ұнтаған желімге араластырып нығыздау арқылы шығаратын материал
а)ДСП ә)шпал б)тақтай
3.Шпонның қалыңдығы неше мм болу керек?
а) 0,6х2 мм ә) 0,5х3 мм б) 0,5х 3 мм
4.Шпонды бірнеше қабаттап желімдеген материалды не деп атайды?
а)ұшқат ә)тақтай б)ДСП
5.Ұшқатты қандай ағаштан дайындайды?
а)қайың, емен, көктерек, шетен, үйеңкі
ә)тал, терек, шамшат
б)қайың, қараағаш
6.150х500 мм-лік өлшемде өңделген діңгекті ата.
а)обрешетка ә)стропила б)шпал
7.Үй жиһаздарын қандай материалды қолданады?
а)шпал ә)ДСП,ДВП, ағаш б)шпон
8.Домбыраның бет қақпағына өрнек түсіріп әшекейлеуге арналған материал
а)ДСП ә)шпон б)ұшқат
9.Ағаштар қандай топқа бөлінеді?
а)ұшқат, шпон ә)жапырақты, қылқанды б)ДСП,ДВП
10.Ағаш материалын өңдеу неге байланысты
а)құрылысы ә)қасиеті б)қолдануы
жауаптың кілті 1-а. 2-а. 3-б. 4-а. 5-а. 6-б. 7-ә. 8-ә. 9-ә. 10-ә.
Сөзжұмбақ
А
Ғ
А
Ш
VII.Қорытынды Бүгінгі өткен сабағымызда ағаш діңінен алынатын өнім түрлерімен таныса отырып, ағашты кесінділерге бөлу, олардан бұйымдар жасау, оқушылардың шығармашылық қиялын дамытып, шеберлігін арттыру.
Бағалау
Үйге тапсырма Ағаштан қасық жасау
№21 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ағаш (қасық) ою технологиясы
Білімділік: Қазақ халқының ою-өрнек түрлерімен таныстырып жасалу жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Қол икемділігін дамыта отырып шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жұмысты өз бетінше орындауға үйрету өнер ерекшеліктерін танып білу арқылы эстетикалық талғам беру.
Сабақтың типі: білім дағдыларын қалыптастыру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, схема, өрнек үлгілері, суреттер.
Пәнаралық байланыс: биология, бейнелеу, математика
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру
II. Жаңа сабаққа дайындық
Қолөнер бұйымдарын еске түсіру (сандық, домбыра, киіз, кілем, ұлттық киім, зергерлік бұйымдар т. б.)
III. Жаңа сабақ
1. Ою-өрнек сөзінің мағынасы, тарихы туралы түсінік
Біздің ата-бабамыз қолөнерімен айналысқан, сол өнерді жетілдіріп, ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған. Барлық жасалған қолөнер заттарын табиғатпен байланыстырып ою-өрнектермен безендірген.
Ою-өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған, "Орнамент” деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан.
2. ою-өрнектің қолданылуы, топтары слайд арқылы көрсетіп түсіндіру
Әр өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: жұлдыз өрнегі-аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбіне кілемдерде жиі қолданылады.
Мүйіз тектес өрнектер-мүйізді бейнелейтін өрнек. Олар ұлттық киімдерде, киіз, алаша бұйымдарында кездеседі.
Геометриялық өрнектер және гүл өрнегі-ағаш бұйымдарында т. б. кездеседі.
3. Ұлттық қолөнер бұйымдарын жасап игеру үшін оюды өзіміз жасай білуіміз керек.
Оқушыларға тапсырма: өз бетінше қарапайым ою түрін ойып қағазға жапсыру.
Балалар әр бұйымның бетін өрнектегенде өрнектерді реттеп орналастыру керек
Ою-өрнек екі жағынан тең болу керек. Мысалы: қошқар мүйіз.
Бұйымға салынатын өрнек түстері бір-бірімен үйлесіп, жарасып түру керек. (слайд суреттер)
4. Қағазды үш бүктеп өрнек жасау тәсілдерін көрсету. (cхема)
5. Оқушыларға тапсырма: қағаздан өрнек қиып, жапсырмалау.
Техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
IY. Сабақты бекіту (кестемен жұмыс)
1. Ою-өрнек неше топқа бөлінеді?
2. Жұлдыз өрнегі қандай бұйымдарда қолданылады?
3. Ою-өрнекті рет-ретімен орналастыруды не деп атаймыз?
4. Көбіне қолданылатын өрнек?
Y. Сабақты қорыту
Оқушылардың жұмыстарын талдау.
YI. Үйге тапсырма. оюлар түрін ойып үйрену.
№22 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Металды көркемдеп өңдеу технология