Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі: автомобильдерді жұмыс істетіп төселту, техникалық қызмет көрсету, мезгілді техникалық қарау, жөндеу және сақтау жұмыстарынан тұрады.
1. Жөндеуден өткен немесе жаңа машинаны жұмыс істетіп төселту — автомобильдердің тетіктерінің бетін жүктемесіз жұмыс істеу арқылы тегістеу.
2. Техникалық қызмет көрсету: машинаны жуу жэне тазалаудан; механизмдерді реттеуден және басқа да жұмыстардан; қалыпты техникалық жағдайын сақтаудың жан-жақты әрекеттерінен тұрады.
Жоспарлы ескерту, техникалық қызмет көрсету жүйесі (жоспар бойынша) автомобильді белгілі жол жүргеннен кейін мәжбүрлі түрде кезекті техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындауға қоюды қажет етеді, онда белгілі бір кешенді жұмыстар орындалады, ал жөндеу жұмыстарын автомобильдің агрегаттарында пайда болған ақауларды жойып, қалпына келтіру үшін қажет етілген жағдайда ғана атқарады
Автомобильдерге, орындалу уақыты және операциялардың мазмұны бойынша техникалық қызмет көрсетудің келес түрлері жүргізіледі:
— күнделікті ЕО, бұдан былай — КТҚ;
— бірінші ТО-1, … ТҚ-1;
— екінші ТО-2,… ТҚ-2;
— маусымдық СО, … МҚ.
Бүліну дәрежесіне және бөлшектердің тозу ерекшеліктеріне, сондай-ақ жөндеу жұмысының еңбекті қажетсінуіне байланысты жөндеудің келесі түрі қолданылады:
— ағымдық жөндеу, бұдан былай — АЖ;
— күрделі жөндеу, бұдан былай — КЖ.
Автомобиль кәсіпорындарында пайдалану жағдайына байланысты (климаттық жағдай ескеріледі) техникалық қызмет көрсету жэне жөндеу ережесі техникалық қызмет көрсету жұмыстарының мерзімділігін анық- тайды.
Мысалы, пайдалану жағдайы 1-санат үшін қоңыржай климатты аймақта техникалық қызмет көрсету мерзімділігі бойынша келесі жол жүру шақырым нормасын сақтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |