Автомобильдерді пайдалану Ережесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 28.02.2008 ж. N 203-Қаулысымен бекітілген көрсеткіш төменде келтірілген:
ТҚ-1 ТҚ-2
Жеңіл автомобильдер ………………………….. 5000 20 000
Жүк автомобильдері ……………………………. 4000 16 000
Автобустар …………………………………………… 5000 20 000
Өзі түсіретін автомобильдер ……………….. 2500 10 000
Жасаушы-зауыт кейде өзінің нормативін ұсынатындығын ұмытпаған дұрыс, ондай жағдайда техникалық қызмет көрсету жұмысын орын- дағанда, сол кестені басшылыққа алу қажет. Мысалы, ГАЗ-33021 «ГАЗель» автомобилі үшін ТҚ-1 — 10 000 шақ., ТҚ-2 20 000 шақ. жол жүргеннен кейін жасалуға тиіс. Сол сияқты шетел автомобильдеріне де зауыттың орнатқан мерзімділігі бойынша техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіледі.
КамАЗ автомобильдеріне техникальщ қызмет көрсету тәсілі: бастапқы мерзім жэне негізгі пайдалану мерзімі болып екіге бөлінеді.
Бастапқы пайдалану мерзіміндегі техникалық қызмет көрсету:
— күнделікті техникалық қызмет көрсету; (тәулігіне бір рет).
— бірінші 1000 шақ. жол жүргеннен кейінгі техникалық қызмет көрсету, оны сервис А деп атайды.
— бірінші 4000 шақ. жол жүргеннен кейінгі техникалық қызмет көрсету, оны сервис В деп атайды.
— бірінші 8000 шақ. жол жүргеннен кейінгі техникалық қызмет көрсету, оны сервис 1 деп атайды.
— екінші 12000 шак. жол жүргеннен кейінгі техникалық қызмет көрсету, оны сервис 2 деп атайды.
КамАЗ автомобиль зауыты 2006 жылдан кейін шыққан көрсетілген маркалы автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мерзімділігін өзгерткен. Оны Еуропалық стандартқа көшудің алғашқы қадамы деп есептеуге болады. Ол төменгі 2-кестеде қөрсетілген.
Шет елдерде автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мерзімділігі
Достарыңызбен бөлісу: |