8.1.3.1-тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау;
8.4.1.1- тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу.
Сабақтың мақсаты
- тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп,, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтайды;
- тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазады;
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Білім алушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
5 мин.
Сәлемдесу.
Психологиялық ахуал «Сәттілік»
«Ой шақыру»
«Кім жылдам» ойыны
1.Көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеген ғалымдардың еңбегі туралы не білесің?
2.Орхон ескерткіштері қай жерден табылған
3.Көне түркі ескерткіштерінің құндылығы неде?
4.Жазбаша әдебиеттің дамуы туралы не білесің?
Сұрақтарға жауап береді.
Мадақтау, кері байланыс беру
Оқулық
Сабақтың ортасы
33 минут
Жаңа сабақ. 2-тапсырма. Сызба бойынша қазақ жазуы туралы мәліметтер жина.
Тілдік бағдар
Кез келген сөз қысқартыла бермейді, тек күрделі атаулар
қысқарады. Шартты түрде қысқарту арқылы жасалған күрделі
атауларды қысқарған сөз деп атаймыз.
Қысқарған
сөздер төрт түрлі жолмен жасалады:
1. Күрделі атаудың әр сөзінің басқы дыбысы алынады: АҚШ -
Америка Құрама Штаттары, БҰҮ - Біріккен Ұлттар Ұйымы, ҚХР -
Қытай Халық Республикасы. Бұған тек өлшем атаулары бағын-
байды: м - метр, кг - килограмм, мм - милиметр, г - грамм т.б.
2. Күрделі атаудың бірінші сөзінің алғашқы буыны және қалған
сөздерінің басқы дыбысы алынады: ҚазҰПУ - Қазақ Ұлттық Педа-
гогикалық университеті, ҚазҰУ - Қазақ Ұлттық университеті.
3. Күрделі атаудың алғашқы сөзінің алғашқы буыны алынып,
келесі сөз түгел айтылады: педколледж, мединститут.
4. Қысқарған сөздердің бұл айтылғандардан басқа ТУ-114,
АН-24, см, км, мм, дм т.б. сияқты түрлері бар.
Қысқарған сөздердің
құрамындағы әріптердің, буындардың,
буын мен сөздердің араларына ешқандай белгі қойылмайды.
3-тапсырма: Берілген суреттер бойынша «Тарихи жәдігерлер»тақырыбына күрделі сөздерді қатыстырып,мәтін құрап жаз.
Жазылым тапсырмасы:
7-тапсырма
Дәптерлеріне күн ретін, жаңа сабақ тақырыбын жазады
Оқулықпен жұмыс
Тапсырмаларды орындайды.
Сызба бойынша қазақ жазуы туралы мәліметтер жинайды.
Берілген суреттер бойынша «Тарихи жәдігерлер»тақырыбына күрделі сөздерді қатыстырып,мәтін құрап жазады.
Мадақтау, кері байланыс беру
оқулық
Сабақтың аяғы
7 минут
Бекіту: «Тикток» әдісі арқылы пысықтау.
Рефлексия «Ұнады», «Есіме сақтадым», «Айтарым бар»
Оқу/ үй тапсырмасы: 9-тапсырма,11-бет