Дескриптор: Бүкіл сыныптық талқылау арқылы сабақтың тақырыбын ашады.
Термин сөздердің анықтамасын анықтай отырып,сабақтың тақырыбы, мазмұны ашылып, мақсаты айқындалады.
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап, кері байланыс беріп отырады
ҚБ беріліп отырады
АКТ тақтасы
Тақырып тық тірек сөздер «Қазақ Кеңестік республикасы», «Кеңес Одағының республикасы», «Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік формасын» «біртұтас мемлекет»
Жаңа білім
30 мин
Мәтінмен жұмыс Оқушыларға ҚазАКСР-нің, ҚазКСР-нің, КСРО-ның құрылуы туралы мәтін беріледі.
Ол бойынша:
1.Мәтіндегі негізгі 3 ойды табады, топта талқылайды. Сынып алдында ойларын білдіреді
2. Сұрақтарға жазбаша жауап жазады:
-Казревком қандай мақсатпен құрылды?
-ҚазАКСР-нің басқару жүйесі қалай құрылды?
3. КСРО-ның құрылуы қазақ мемлекеттілігіне қалай әсер етті?
4. Қазақ КСР-нің құрылуы қазіргі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуына қалай әсер етті?
ЕБҚ оқушыға тақырып бойынша ұсынылған мәтін негізінде сұрақтар дайындау тапсырылады.
1-тапсырма Кеңестік кезеңде Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуының жетістіктері мен қарама-қайшылықтарына талдау жасауға мәтін беріледі.
1 .Кеңестік кезеңде Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуының жетістіктері;
2. Кеңестік кезеңде Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуының қайшылықтары;
3. Бүгінгі Қазақстан мен Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуындағы ұқсас жетістіктер көрінісін анықтаңыздар.
Деректі мәтінмен жұмыс жасау критерийлері:
1. Мәтінде сіздерге қажетті деректерді анықтаңыздар;
2. Талдаңыздар;
3. Баға беріңіздер.
ЕБҚ оқушыға мәтіннен тұжырымын растайтын немесе жоққа шығаратын фактілердің астын сызып көрсетуді ұсынылады.