Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары


Грамматикалық категориялардың өзіндік сыр-сипаты



бет23/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   76
Байланысты:
Ñàáà?òû? òà?ûðûáû ?àçà? ò³ë³ äûáûñòàðû, ò?ðëåð³, æàñàëóû. Äûáûñ

Грамматикалық категориялардың өзіндік сыр-сипаты
Грамматикалық категория туралы ұғым грамматикалық мағына мен грамматикалық форма туралы ұғымдармен ұштасып жатады. Бұлай дейтініміз мынадай: 1) грамматикалық мағына грамматитикалық категорияның элементі ретінде оның құрамында өмір сүреді. 2) грамматикалық категорияның формаларымен тығыз байланысты. Қандай бір грамматикалық категория болсын ол. Грамматикалық мағыналардан сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастарды білдіретін (көрсететін) грамматикалық тәсілдердің бірнеше түрлері бар. Олардың басты- бастылары мыналар: а) грамматикалық мағына туралы; ә) жаңа сөз тудырады.
1. Сөздерге аффикстер (қосымшалар) қосылу тәсілі (аффикстердің түрлері: суффикс, префикс, постфикс, инфикс). Мысалы: оқушы-лар-ым-а деген сөздегі көптік мағына –лар афифксі арқылы, тәуелділік мағына мен жақтық мағына –ым аффиксі арқылы бағыт мағынасы –а аффиксі арқылы беріліп тұр. Демек, оқушы деген сөзге үш аффикстік жалғауы арқылы 4 түрлі (көптік, тәуелділік, жақтық, септік) грамматикалық мағына жасалып тұр.
2. Сөздердің қосарлану тәсілі. Бір түбір қайталанып немесе әр басқа түбірлер қосарлану арқылы алуан түрлі мағыналарды білдіреді. Жан-жануар, бақа-шаян, қазан-ошақ, бүгін-ертең, елу-алпыс, күле-күле, көре-көре т.б.
3. Грамматикалық тәсілдердің бірі –дербес (атауыш) сөздер мен көмекші сөздердің (көмекші есімдіктердің, көмекші етістіктердің, шылау сөздердің) тіркесу тәсілі.
Көмекші сөздер дербес сөздермен тіркесіп, сөз бен сөзді немесе сөйлем мен сөйлемді байланыстырады, сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастарды, алуан түрлі грамматикалық мағыналарды білдіреді. Мысалы: арбаның қасы, жұмыстың басы, аяқ асты, қала үсті, оқып жатыр, келе бер, көріп отыр, айта сал, оқу үшін, көрген сайын, сен арқылы, оқушылар туралы, бала сияқты, ақылды да сабырлы. Теңіз тынышталды, бірақ ешнәрсе көрінбейді (Ғ.Мүс.). Әдемі-ақ, өзі-ғана? Мал екеш мал да үйде ме? Айтыпты-мыс...
4. Сөздердің бірігу тәсілі. Сөз бен сөзді біріктіру арқылы жасалады. Ас-қазан, демалыс, жарымес, әлдекім, көнетоз, күнбатыс, шекара.
5. Сөздердің орналасу орын тәртібі. Сөздердің сөйлемдегі орны олардың мағыналары мен қызметтеріне үлкен әсер етеді. Мысалы: Жақсы жас- елге жора (М.Ә.). Мәжіліс жақсы өтті, жаңа пікірлер айтылды деген сөйлемдегі жақсы сөзі бірінде зат есімнен бұрын тұрса, екіншісінде етістіктен бұрын тұр. Алғашқы сөйлемде жақсы сөзі анықтауыш. Кейінгісінде пысықтауыш қызметін атқарып тұр. Сөйтіп, жақсы деген сын есім сөзі жұмсалу орнына қарай 2 түрлі грамматикалық мағына (анықтауыш, пысықтауыш) білдіріп тұр.
Сонымен белгілі сөз тіркесінде, сөйлемде сөздердің орындарының ауысуына қарай олардың грамматикалық мағыналары мен қызметтері өзгереді. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі грамматикалық тәсілдердің бірі болып саналады.
6. Интонация (дауыс ырғағы) тәсілі. Интонация сөйлемдердің айтылу мақсаты мен интонациялық өзгешеліктеріне байланысты түрлерін бір-біріне ажырататын тәсіл ретінде қызмет атқарады. Мысалы: хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдер бір-бірінен интонациялық айырмашылықтар арқылы ажыратылады. Сен кітапханаға барасың ғой деген сөйлемді тұжырымдау интонациясымен айтсақ, хабарлы сөйлем болады да, сұраулы сөйлем болады. Осы сияқты құрамы жағынан біртектес грамматикалық мағыналарды білдіріп, кемінде 2 түрлі формада көрінуі шарт. Мәселен, бір ғана салыстырмалы шырай басқа жай шырай күшейтпелі шырайдың болуы және шырайдың бұл түрлерінің әр алуан грамматикалық формалармен берілуінің нәтижесінде сын есімнің шырайлары категория ретінде таныла алады. Септік, жақ категориялары туралы да осыны айту керек.
Грамматикалық категория- сөйлемдегі сөздердің тіркесі мен сөздерге тән және сол сөздердің нақтылы мағыналарынан дерексізденген жалпылаушы сипаты бар практикалық мағына.
Р.А.Будагов «Введение в науку о языка», М., 1965. Мәселен шақ категориясы күллі етістік сөздердің бәріне бірдей ортақ, барлығына бірдей тән. Бұл – шақ категориясының жалпылаушы сипаты.
Демек, дара грамматикалық мағынаны білдіретін бір ғана форма немесе әр сипаттағы грамматикалық мағыналарды білдіретін формалар емес, біртектес, дара ыңғайлас грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық формалардың жиынтығы грамматикалық категория деп танылады.
Бір сипаттағы формалардың осыған орай олардың біртектес мағыналарының әр қайсысының грамматикалық категория деп есептеу практикалық мағына деген ұғыммен грамматикалық категория деген ұғымның жігін жайып, бұларды бір-бірімен араластырып жіберуге соқтырады. Кейде біртектес грамматикалық мағыналардың әрқайсысына грамматикалық категория деп есептеу кейбір лингвистикалық әдебиеттерде жай ұшырасады. Мыс: «Ілік септік категориясы», «І жақ категориясы», «салыстырмалы шырай категориясы»т.б.
Грамматикалық категориялардан универсальды грамматиканың жалпы категориялары емес, туыстас тілдер тобының немесе жеке тілдердің грамматикалық құрылысының басты ерекшеліктері көрінеді. Осы себептен тіл-тілдегі грамматикалық категориялардың бәрі бірдей бір тілде немесе тілдер тобында болуы шарт емес. Мәселен, славян тілдеріне тән вид категориясы тілдері мен гермен тілдерінде мысалы: француз тілі мен неміс тілінде кездеспейді. Түркі тілдерінде дербес грамматикалық категория ретінде танылатын тәуелдеу категориясы славян тілдерінде жоқ. Грамматикалық род (тек) категориясы орыс, неміс, француз тілдеріне тән, бірақ ол түркі тілдері мен монғол, ағылшын т.б. тілдерде дербес грамматикалық категория ретінде ұшыраспайды. Мұнымен қатар тілдердің көпшілігінде бар, соларға жалпылама ортақ грамматикалық категориялар бар. Бұлардың қатарына грамматикалық сан-мөлшер категориясы септік, жақ, шақ, рай, етіс категориялары енеді.
Бірсыпыра тілдерге тән белгілі бір грамматикалық категорияның өзі әр басқа тілдерде әр түрлі сипатта, әр қилы дәрежеде көрінуі мүмкін. Мәселен септік категориясы грамматикалық категория ретінде көптеген тілдерге тән форма арқылы білдірудің жолы болып саналады. «Грамматикалық форма дара бірлікте болатын грамматикалық мағына мен грамматикалық тәсілдің ара қатынасы» (А.Л.Реформатский. Введение в языковедения М., 1967, 314 стр.). Белгілі бір грамматика формасы болған жағдайда ғана грамматикалық мағына жайында сөз ете аламыз. Мысалы: Тіземнен сүріндірсең, сүріндір, тілімнен сүріндірме (мақал) сөйлеміндегі сүріндір деген етістік бір-бірінен әр түрлі формада қолданылуы жағынан ажыратылып тұр. Сүріндір сөзінен таралған 3 түрлі формада бірнеше грамматикалық мағына білдіреді. Бірақ олар бір сөз болып есептеледі. Яғни үш формада қолданылса да, әр басқа сөз емес, бір сөз болып ұғынылады. Мына мысалмен салыстырыңдар: адам, адам-ның, -ға, -ды, -нан, -мен. Сөз белгілі бір сөйлемде немес сөз тіркесінде қолданылғанда, барлық формаларында жұмсала бермейді, бір немесе бірнеше формасында ғана қолданылады.
Қандай бір грамматикалық мағына болсын ол белгілі бір грамматикалық форма арқылы беріледі. Мәселен, етістіктің шақ, рай, етіс, болымсыз, көсемше, есімше түрлерінде немес сын есімнің шырай түрінде белгілі бір грамматикалық формалар арқылы көрінеді. Тіл- тілде сөз формаларының 2 түрі бар: бірі- сөздің синтетикалық (синтетика- грек сөзі, тура мағынасы- құрау, бірігу, түйісу. Басы біріккен я қосылған (құралған деген мағынаны білдіреді формалары. Екіншісі- сөздің аналитикалық (аналитика –ды- грек сөзі тура мағынасы- ағыту, тарамдау, бөлшектеу. Аналитикалық дегеніміз анализдеу нәтижесінен туған талданған мағынаны білдіреді (формалары).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет