Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет26/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   76
4. Қысқарған сөздер (Аббревиатура)
Қысқарған сөздер күрделі сөздердің бір тобы. Бұлар тіл білімінде аббревиатура (бас әріп) деп аталады. Тіліміздегі қысқарған сөздердің шығу тегі орыс тілінің қазан революциясынан кейінгі дәуірде тигізген ықпалынан тікелей байланысты болып келеді. Осыған орай ұйымдар мен мекемелердің күрделі атауларын қазақ тілінің де сөйлеу, жазу дағдысында жеңілдету мақсатымен қысқартып, қолданып дәстүрі туды. Мәселен: АҚШ, США, Қаз АССР, Қаз ССР т.б. Мұндай сөздер орыс тіліндегі қысқарту үлгісі бойынша қазақ тілінде үш түрлі жолмен қысқартылған.
1. Екі тілді де құрамдарындағы компоненттерінің толық түрінің де, қысқарға тілінің де, түрінің де тіркеу реттері бірдей болып келетін сөздер: ҚазМИ, ҚазПИ, ҚазССР, ҚазТАГ, облсовет, партбюро, обком, га, кв, см, А.П.Чехов, Ж.Жатаев, ТМД (СНГ), ҚАБ (ИПК). 2. Қазақ тілінің өзіне тән сөз тіркесу заңына лайық қысқартылып жүрген сөздер: ҚКП (Қазақстан комунисттік партиясы), АҚШ т.б.

2. №7.170, 173,175 - жаттығулар.
10 -практикалық сабақ.
Атауыш есімдер тобындағы сөз таптары. Зат есім және оның түрлену жүйесі. Зат есімнің лексика семантикалық, морфологиялық, синтаксистік белгілері. №7.132-133, 153 жаттығулар


Зат есім, мағыналық топтары
Сан жағынан қазақ тіліндегі сөз таптарының мол түрі- зат есімдер. Бұлар күнделікті өмірде кездесетін жай нәрселерден бастап табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен оқиғалардың, ұғымдар мен түсініктердің атауы ретінде қолданылады. Мәселен, адам, тау, қала, жер, су, найзағай, коммунизм, эвалюция, пікір сана т.с.с. Сонымен, заттың, құбылыстың атын білдіретін сөзді зат есім дейміз. Зат есімдер Кім? Не? Деген сұраққа жауап береді. Зат есімнің төмендегідей семантикалық (мағыналық) топтары бар:
1. Деректі (конкретті), дерексіз (абстракты) зат есім.
2. Дара, жинақты мағыналы зат есім.
3. Жекелікті (жекелік мәнді), көптікті (көптік мәнді) білдіретін зат есім.
4. Жалпы және жалқы зат есімдер.
Көзбен көріп, қолмен ұстап тануға болатын (сезім мүшелеріне әсер ететін) зат есімдер деректі зат есім деп аталады. Мәселен, терезе, бөрік, асық, бөрі, шыназ т.б.
Көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтін адамның топшылау, ойлау қабілеттері арқылы түсінуге болатын ұғымдардың атауын дерексіз зат есім дейміз. Мысалы, мінез, шама, нарық, жоқшылық, ырым, мінез, шама, күдік, ырыс, наным, пікір, тапшылық, қымбатшылық, ашаршылық т.б.
Белгілі-белгілі заттардың дара атын білдіретін зат есімдерді дара мағыналы зат есім дейміз. Мәселен, ана, ата, қазандас, аудитория, орын, шөп, төсек т.б.
Белгілі бір ұғымдарды жинақтап олардың топ-тобының атын білдіретін заттық атаулар жинақты мағыналы зат есім деп аталады. Мысалы, ата-ана, бала-шаға, құрт-құмырсқа, төсек-орын, апа-қарындас, туған-туысқан т.б.
Барлық қос сөздер жинақты мағынаны білдіре бермейді, кейде даралау немесе бөлу ұғымын да білдіреді. Мәселен, сала-сала, тау-тау, төбе-төбе, тарам-тарам, көре-көре т.б. Қос сөздердің бұл түрі алғашқы сыңарының қайталануы арқылы жасалып тұр.
Тиісті заттың бір данасының ғана атауы есебінде қолданылатын зат есімдерді жекелікті білдіретін (жекелік мәнді) зат есім дейміз. Мысалы: көл, қора, үй, бала, адам, сөз, сөйлем т.с.с. Осы заттардың, көп (бірнешеу) екенін білгіміз келсе, оларға көптік жалғауын үстеп айтамыз. Көл-дер...
Атау тұлғада (формада) тұрғанда өзі арқылы аталатын заттың біреуін емес, жиынын топтар я қамтып атайтын зат есімдерді көптікті білдіретін (көптік мәнді) зат есім деп атайды. Мәселен, тары, алма, сүт, ау, ұн, жел, шаң, құйын, өмір, шындық.
Көптік мәнді есімдердің осындай семантикалық ерекшеліктерімен қатар басқа есімдерге қарағанда морфологиялық ерекшеліктері де бар. Мәселен, жоғарыда атаған зат есімдердің бәрі депрактикалық (кәделік) тілде көптік жалғауы жалғанбай қолданылады. Мысалы, айран-дар (емес), шай, кірпік, шаш т.б. Аяқ, қол, құлақ, етік, кебіс, бәтеңке сөздері- табиғаты жағынан көптік мәнді білдіретін зат есімдер.
Жалпы есім деп бір-біріне ұқсас нәрселер мен құбылыстардың (жан-жағылардың) жалпылама атаушы ретінде жұмсалатын сөздерді айтамыз. Мысалы, институт, қағаз, кітап, арал, ақыл, сана, түсінік, табиғат, жел, қар, жаңбыр, сиыр, түлкі т.б.
Жеке адамдарға, дүниедегі жеке-жеке заттар мен құбылыстарға атауыш болып келетін сөздерді жалқы есімдер дейміз. Мәселен, Арқалық, Мәдина, «Балдырған», «Зерде», «Адай», «Ботагөз», «Егеменді Қазақстан», «Теміртау, Шымкент, Кентау, Ленин проспектісі т.б.
Бір-біріне қарама-қарсы қойылатындықтан жазу дәстүрімізде жалқы есімдер бас әріппен басталып, жалпы есімдер біріңғай кіші әріппен жазылады.
Тілдің лексикалық жүйесінің дамуы барысында әңгіме болып отырған екі грамматикалық категорияның (жалпы, жалқы есімдер) бірінен-біріне ауысу процесі болып тұрады. Мәселен, алма (жеміс), Алма (әйел аты), Жібек, Теңдік, Арыстан, Гауһар, Бүркіт, Қозы, Әмір, Совет, Сайлау, Темір, Жеңіс, Алтын, Мақпал, Қайрат сөздері басында жалпы есім болған Шығайбай, Қарынбай, Қодар, Жантық сөздері басында жалқы есім болған.
Кейбір сөздер жалпы есім ретінде де, жалқы есім ретінде де қолданылады. Мәселен, күн, жер, ай сөздері астрономия ғылымында жалқы есім ретінде түсінілсе, күнделікті өмірде жалпы есім ретінде жұмсалады.
Жалқы есім болатын қазақ тілінде мынадай топтары бар:
1. Кісі аттары (антропонимика ғылымы зерттейді): Төлеген, Абай, Мұхтар, Молдаберген, Демберген, Сұрапберген.
2. Жер-су, қала атаулары (топонимика): Маңғыстау, Қаратау, Арқалық т.б.
3. Әдебиет, өнер және ғылыми шығармаларының аты: «Капитал», «Абай жолы», «Сырдария», «Адай», «Топан» т.б.
4. Астрономиялық атаулар: Жер, Күн, Ай, Шолпан, Үркер, Жетіқарақшы т.б.
5. Ел өміріндегі тарихи оқиғалардың аттары: Октябрь, 1 Май, Ақтабан шұбырынды (1723 ж. оқиға), Ұлы Отан соғысы (1941-1945 ж.), 1986ж. Желтоқсан оқиғасы.
6. Ат, аң құстарға қойылған аттар (зоонимика): Құлагер, Тайбурыл, Бөрібасар, Ақтөс...
7. Газет, журнал аттары: «Қазақстан мұғалімі», «Қазақ әдебиеті», «Жалын» т.б.
8. Экономика (ру, ел, халық аттарын зерттейтін ғылым). Жалпы есімдер тіл ғылымының негізгі саласы болғандықтан, зерттеу объектісіне айналып кісі аттары мен географиялық атаулар бойынша көлемді еңбектер жарық көрді. Сондай-ақ бұлар туралы кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды. Мысалы: ҚазССР ҒА-ның Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері Телқожа Жанұзақов лингвистиканың жаңа саласы- ономастика бойынша алғаш «Қазақ тіліндегі кісі аттары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ал 1966ж. «Қазақ тіліндегі жалқы есімдер», 1968ж. «Қандай есімді ұнатасыз», 1971ж. «Қазақ есімдерінің тарихы» атты лингвистикалық және тарихи этнографиялық талдауы жарық көрді. Сондай 1974ж. «Есімдер сыры» деген кітабы басылды. 1976 жылдың 6 наурызында «Қазақ тілі ономастикасының негізгі проблемалары» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет