Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет13/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   76
Байланысты:
Ñàáà?òû? òà?ûðûáû ?àçà? ò³ë³ äûáûñòàðû, ò?ðëåð³, æàñàëóû. Äûáûñ

Метафора – жануар атауы арқылы адам мiнезiн сипаттауда жиi қолданылатын тәсiл. Л. С. Войтик жануар атауының метафоралық мiнездеме түрiнде жиi қолданыла-тындығын айта келе, оны бiрнеше топқа бөлiп қарастырады: а) оккозионалды мiнездеме; ә) тұрақты метафоралық мiнездеме; б) ауыспалы мағынасы бар метафоралық мiнездеме; в) адамды жек көру, еркелету мәндi метафоралық мiнездеме.
1. Метафора тәсiлi арқылы атаудың ауысуы белгiленетiн заттардың тұлға, түс, қимыл ерекшелiгiнiң ұқсастығына негiзделедi. Мысалы, етек. БҮл, бiрiншiден, киiмнiң етегi, екiншiден, таудың етегi (Етегi Қаратаудың толқын егiн, батты оған белшесiнен еңбекшi елiм (Т.Ә.), үшiншшiден, Көк аспанның етегi (Өрмелеп ұлпа бұлттың етегiн, күн көзi көк аспанға көтерiлген (С.М.) деген мағыналарда қолданылады.
2. Бiр заттың немесе құбылыстың атауының екiншi затқа немесе құбылысқа олардың өзара iргелестiгi негiзiнде атау болып ауысуы метонимия деп аталады. Метонимия- гр.т . metanymia- атын өзгерту деген сөзiнен алынған. Мысалы, Үйi мәз боп қой сойды, сүйiншiге шапқанға (Абай).
3. Бүтiннiң орнына бөлшектi, жалпының орнына жалқыны, үлкеннiң орнына кiшiнi қолданудың негiзiнде сөз мағынасының ауысуы синекдоха деп аталады. Синекдоха-гр.т. synekdoche '' жобалап түсiну'' деген мағынадағы сөзiнен алынған. Мысалы, тұяқ- 1. Малдың саны деген мағынада қолданылады. Неше тұяғың бар бар? 2. ұрпақ сөзiнiң орнына қолданылады. Атадан қалған жалғыз тұяқ едi. 3. Тұяқ-музыкалық аспап. 4. Тұяқ – жануардың дене мүшесiнiң бiр бөлшегi.Сөзде бiр, кейде бiрнеше лексикалық мағына болады және олар пайда болу тәсiлi жағынан алуан түрлi болып келедi. В.В.Виноградов сөздердiң лексикалық мағыналарын үш түрге бөлiп қарастырады. Олар: 1. лексикалық атауыш мағына. 2.фразеологиялық байлаулы мағына. 3. синтаксистiк шартты мағына.Бұлардың iшiндегi ең маңыздысы – заттар мен құбылыстардың белгiлерiн, iс-әрекетiн атап көрсететiн атауыштық немесе номинативтiк мағына. Кейде мұны дербес, еркiн мағына деп те атайды. Үлкен сөзi үлкен үй, үлкен адам, үлкен көл тiркесiнде еркiн қолданылып тұр. Мұның барлығының мағынасы дәу, iрi, зор көлемдi деген мағынаға тiрелiп тұр. Ал үлкен күнә тiркесiнде бұл шектен тыс, ауыр деген мағынада қолданылады. Демек атауыштық мағына деп – сөздiң жеке тұрғандағы бiлдiретiн негiзгi мағынасын айтамыз.Сөз мағыналарының екiншi түрi – фразеологиялық байлаулы мағына. Бұл – сөздiң тұрақты тiркес құрамында пайда болған мағынасы. Бұған қасқа жол, су жаңа сияқты тұрақты тiркестер мысал бола алады. Қасқа сөзi қасқа бие, қасқа сиыр, қасқа ат тiркестерiнiң құрамында келiп, ''малдың маңдайында болатын, ұзын келген ақ түстi жолақ'' деген тура мағынаны бiлдiредi. Бұл-оның атауыштық мағынасы. Ал қасқа жол тiркесiнде фразеологиялық байлаулы мағынаға ие болып, ''анық'', ''айқын'', ''түзу'' деген мағынада қолданылады.Сөздiң фразеологиялық байлаулы мағынасын идеома, мақал-мәтелдер мағынасымен шатастыруға болмайды. Фразеологиялық байлаулы мағына сөздердiң мағынасының жиынтығынан жасалады. Ал мақал-мәтелдердiң құрамындағы жеке-жеке өз мағынасында жұмсалып, сөйлем мүшелерiне талданады.
Синтаксистiк шартты мағына сөйлем iшiнде белгiлi бiр синтаксистiк құрылымда қолданылу арқылы ғана жасалады. Мұндайда сөз өзiне тән мағынадан басқа, ерекше мағына үстеп алады. Мәселен, бiз адамның қулығын, айлакерлiгiн айтқымыз келсе – ит, надандығын, бассыздығын айтқымыз келсе – айуан сөзiн қолданамыз. Мұны кейде ауыспалы мағына деп те атайды. Ол рас. Өйткенi бұл – бiр заттың қасиетiн басқа бiр затқа таңудан туған ауыс мағына. Дегенмен, барлық синтаксистiк шартты мағына осылай жасала бермейдi. Олар кейде сөйлемде белгiлi бiр синтаксистiк құрылымда қолданылу арқылы да пайда бола алады. Мәселен, Мен өмiрiмде талай шыжықты көрген адаммын. Мынау құдық, қанша сыра берсең де iше бередi. Бұл сөйлемдердегi шыжық сөзi – ''азап'', ''бейнет'' деген мағынада, құдық сөзi – ''мешкей'', ''тойымсыз'' деген мағынада қолданылып тұр. Кейде олар сөз тiркесi арқылы да жасалады. Мысалы, Бiз жасарымызды жасап, ендi таудан түсiп келе жатқан адамбыз. Мұндағы таудан түсiп келе жатқан– қартайған, күшi қайтқан деген мағынаны бередi. Кейбiр ғалымдар синтаксистiк шартты мағынаны мәтiндiк мағына деп те атап жүр. Лексика–грамматикалық сипатына қарай сөздер омоним-дер, синонимдер, антонимдер секiлдi шектес сөздер тобына ажыратылады. Бұлардың әрқайсысының өзiндiк белгiлерi бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет