Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет11/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76
Байланысты:
Ñàáà?òû? òà?ûðûáû ?àçà? ò³ë³ äûáûñòàðû, ò?ðëåð³, æàñàëóû. Äûáûñ

Сөз және ұғым
Сөз – лингвистикалық, ұғым –логикалық категория.Ұғым – жалпы адамзатқа тән категория. Сөз мағынасы – нақты бір тілге тән категория. Сөз – эмоциялық реңге еге, ал ұғымда эмоциялық бояу болмайды. Тілдегі сөздер жалпы бола отырып, құбылыстың атауы ретінде әрекет етеді, затты, саналы, іс-әрекетті білдіреді. Осындайбелгілеріне қарай тілдегі сөздерді ірі – ірі үш топқа бөледі. 1) Атауыш көмекші сөздер. Атауыш сөздерге: зат есім, сын есім, етістік, үстеужатады.
2)Көмекші сөздерге: жалғаулықтың, сентеуліктер, демеушіліктер, көмекші есімдер, көмекші етістіктер, предлогтар, артикльдер.
3)Есімдіктер, сан есімдер одағайлар жатады.
Академик В.В.Виноградов сөздің лексикалық мағынасына сөздің тура, номинатативті (зат есім, сын есім, етістік т.б.) жатқызады. Сөздің фразеологиялық байлаулы мағынасына (судай жаңа, су жаңа) т.б. сөздердіңсинтаксистік шартты мағынасына: (түлкі-қу, ала аяқ, сұм), есек – топас, нақұрұс; ден үшке бөледі.
Сөзге тән басты белгілер
Сөзді тілдегі басқа единицалардан ажырату үшінмына белгілерді білу қажет.
1.Сөз білгілі дыбыстың құрылымның бірлігінен тұрады. Олбірлік фонетикалық заңдармен орайласып жатады. Сөздің фонетикалық белгісіне екпін ұғымы да енеді.
Атауыш сөздер екпінге ие болады көмекші сөздер екпінге ие бола алмайды . Күрделі сөз екі екпінінге еге болса, оның бірі – негізгі, екіншісі – көмекші екпін болады. Сөз фонетикалық тұлғалануы жағынан, құрылымы жағынан фонемауан ажыратылса, бір негізгі екпінге ие болуы жағынан (атауыш сөз) сөз тіркесінен ажыратылады.
2.Сөздің дыбысталудан басқа жағы-мағына. Сөз дыбысталу мен мағынаның бірлігінен туады. Сөз – белгілі бір мағынаны білдіреді. Мағынаны білдіру жағынан сөз фонемадан ажыратылады. Фонема мағынаны білдіре алмайды. Ол сөз құрамында мағына ажыратушылық қызмет атқарады.
3.Сөз – тілдің грамматикалық заңдары бойынша тұлғаланады, өзіне тән формалардың бірінде тұрады. Сөз – грамматикалық жағынан тұлғаланған единица. Сөз тұлғанану қасиеті жағынан біртұтас еркін сөз тіркесінен, тұрақты сөз тіркесінен ажыратылады.
4.Сөз – өзінің құрамына басқа бір сөзді ендірілмеу қасиетімен сипатталады. Сөздің ішінде басқа бір сөз ене алмайды. Сөз тіркестерінің сыңарына басқа сөз енеалады.
5.Сөз морфемадан еркін сөз тіркесінен, сөйлемнен айырмашылығы мынада: Сөз белгілі бір сөз тобына қатысты болады м/с: адам –з.е. бір, екі. Сан есім т.б.
5.Сөз – даяр тұрған единица. Ол дайын күйінде сөйлемнің құрамына енеді.
Еркін сөз тіркесі мен сөйлем сөйлеу кезінде құрастырылса, сөз күрделі единицалар – сөз тіркесі мен сөйлемнің құрамына даяр қалпына енеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет