Оқушылар топтарға топталады «Қозғалыс парағы» арқылы/мұғалім алдын ала оқушылардың қабілеттеріне сай дайындап қойғаны абзал/
Топтардың орындайтын тапсырмасы Журналистік зерттеу жұмысы. Зерттеу жұмысына нұсқаулық:
1.Топтағы рөлді анықтау (журналист-маман)
Топ ішінде оқушылар өздері рөлдерді анықтап алады. (Журналист, журналистік сауалнама немесе зерттеуіне алатын мамандарды, қарапайым ауыл азаматтары, зауыт өкілі, диқаншы т.б)
2. Тапсырманы орындау барысында инфрақұрылымның функционалды салалары (1-саласын алады) жайлы сұрақ дайындалып және сол сұрақтарға топтағы оқушылар өз рөлдері бойынша жауап іздеу қажет.
Зерттеу сұрақтары
инфрақұрылымының орналасу ерекшеліктері;
олардың дамуындағы проблемалар;
шешу жолдары төңірегінде болғаны дұрыс.
3. Жасалған тапсырманы 3-минуттық аудио жазба дайындау арқылы сыныптастарға тыңдату. (немесе постер, журналистің күнделігін жасауға болады)
Дескриптор
инфрақұрылымның функционалды салаларын біледі;
инфрақұрылымның функционалды салаларын жіктейді;
инфрақұрылымының орналасу ерекшеліктерін анықтайды;