Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру Мұғалімдер оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір -бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін, жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс жүргізудің маңызы зор.
Бағалау критерийлері
Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, көркем жазады.
Көптік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша қолданады.
Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді меңгереді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздері туралы айтады.
Пәнаралық байланыстар
тарих
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қол жетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі дүние не?
Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы қандай ақпаратты алдым?