Сабақтың тақырыбы Қазақстан қалалары



бет11/164
Дата27.11.2023
өлшемі3,19 Mb.
#128676
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   164
Байланысты:
4 кл.ҚМЖ-1

Сабақтың тақырыбы

Өз Туым (1-тоқсан.1-бөлім.)
6-сабақ

Дағды

Тыңдалым мен айтылым

Оқыту мақсаттыры

4.5.1.5.сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, жай және құрмалас сөйлем құрастыру.
4.2.2.1. берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру.
4.1.1.1. анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру.
4.1.2.1.бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну.
4.1.3.1.тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемдерді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/ кластер құрастыру
4.1.4.1.тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау.

Тілдік міндеттер

Пішін, дөңгелек, ортасында, оң жағында, сол жағында

Алдыңғы білім

Интеллектуалды ойын

Сабақтың барысы

С.кезең.і

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Тапсырма сабаққа кіріспе ретінде оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға арналған. Тапсырманы бүкіл сыныппен орындайды. «Жаңа сөздерді үйренейік» айдарында оқушыларға әртүрлі пішіндер көрсетіледі. Балалар, бұлар нелер? (оқушылар өз білгендерінше айтып, атап шығады). Мұғалім жаңа сөздерді бірнеше рет қайталатып, сөз тіркестерін құрастыртады. «Жаттығайық» тапсырмасы бойынша оқушылар сол жақтағы және оң жақтағы пішіндерді салыстырады. Мұғалім оқушыларға оң жақ және сол жақ туралы мысалдар арқылы, көрсете отырып түсінік беруі керек. Бұл жерде ТКО жаттығуын орындатуға да болады (Тыңдау-көру-орындау) яғни, мұғалім көрсетеді, оқушылар, тыңдап, қайталап орындайды.
Осыдан кейін барып оқушылар оң мен солды ажыратып алғаннан кейін оқулықтағы жаттығуды орындауға болады. Қайсысы көп? «салыстыр» тапсырмасы бойынша оқушылар сұрақтарға жауап береді. Сары түсті дөңгелектер қайда тұр?
Көк түсті дөңгелектер қайда тұр?

2 мин

Мұғ-Сынып

Әртүрлі пішіндер



Негізгі бөлім

«Кел, сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада суреттерге қарап, рәміздердегі пішіндерді анықтап, салыстырады. Бұл оқушылардың пішіндерді дұрыс ажырата білуіне көмегін тигізеді. Оқушылар рәміздердегі кездесетін пішіндерді атап айтып береді.

5 мин

Жеке

Рәміздердің суреттері



«Тыңда және жауап бер» айдарындағы тапсырма оқушының логикалық қабілетінің дамуына ықпал етеді. Бұл тапсырма алдыңғы игерілген білім мен жаңа түсінікті жетілдіру, мәтіннің мазмұнына қаншалықты сәйкес келтіре алатындығын дамытуға негізделген. Оқушылар өз беттерінше осы тапсырманы орындап болған соң, әр жұпқа бір дұрыс жауап парағы үлестіріліп, оқушылар өзара бір-бірінің жауаптарын мен дұрыс жауаппен салыстырады.
Дұрыс жауап парағы

Қазақстанның елтаңбасында көк және сары түс бар. Елтаңбаның пішіні-дөңгелек. Бұл мәңгілік өмірді бейнелейді. Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Шаңырық - ортақ үй деген мағынаны білдіреді. Шаңырықтың оң жағында және сол жағында қанатты тұлпарлар бейнеленген. Тұлпар-адалдықтың, достықтың символы.




5 мин

Мұғалім - сынып

Оқулық
Дұрыс жауап парағы

Оқушылар берілген сұрақтарды басшылыққа ала отырып, Туды сипаттайды. Тапсырма жазбаша орындалады.
1.Қазақстанның Туында қандай түстер бар?
2.Тудың пішіні қандай?
3.Тудың ортасында не бейнелегенген?
4.Қыран қай жерде тұр?
5.Ою-өрнек тудың қай жерінде орналасқан?

3 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар жазылған қима парақшалар



«Жаса » айдарындағы тапсырма оқушылардың өз қолымен жасау арқылы есте сақтауын, тақырыпты терең меңгеруіне ықпал етеді. Оқушылар өз қолдарымен Ту жасайды. Мұғалім оқушыларға алдын ала Ту жасауға қажетті заттарды ала келу керектігін ескертеді.
Оқушылар мұғалімнің бағыттауымен, бақылауымен Ту жасайды.
1.Көк түсті қағазды ал. Одан тіктөртбұрыш жаса.
2.Сары қағаз ал. Одан дөңгелек жасап, тудың ортасына жапсыр.
3.Тағы сары қағаз ал. Одан кішкене үшбұрыштар жасап, күннің шуағын жаса.
4.Кішкене қағазға қыранның суретін салып, күннің астына жапсыр.
5.Сары қағаздан ою-өрнек жасап жапсыр.
Мұғалім әр топты аралап оқушылардың жұмыстарын қарап, бақылып, қолдау көрсетіп жүреді. Туды жасап болған соң «Кір жаю» әдісі бойынша барлық оқушы тудың астына өз аты-жөндерін жазып, туды апарып іледі. Ең әдемі жасалған Ту «Басбармақ» әдісі бойынша бағаланады.

5 мин

Жеке ж.
Сынып

Көк, сары түсті қағаз, желім




«Көрсет және айт» тапсырмасын орындауда әр оқушы өзінің Туды қалай жасағанын сипаттап айтып береді. Бұл тапсырма оқушының өз ойын еркін жеткізе білуіне, жасаған ісін сипаттай білуіне ықпал етеді, сондай-ақ айтылым дағдысын дамытуға ықпал етеді.










Қор. бөлім

Сабақты қорыту және есте сақтауды дамыту мақсатында оқушыларға бүгінгі сабақ бойынша «Ара ұясы» әдісін пайдаланып, ойын ойнатылады. Жұптар бүгінгі тақырып бойынша екі сұрақтан құрастырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, оқушылар жауап береді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді. Жауаптардың дұрыстығын мұғалім қадағалап, толықтырып, түзетулер енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет