Т.4.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру;
Т. 4.1.5.1 тыңдаған оқиға/әңгіме бөліктерінің жалғасын болжау
Т.4.1.1.1 анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба(тірек сөздер) жасау және нақтылау мқсатында сұрақтар құру
«Микрофон» әдісі арқылы алдыңғы білімге қатысты сұрақтар қойылады. Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Алдымен микрофонды мұғалім алып, өткен тақырыпқа қатысты бір сұрақ қояды. Жауап берген оқушы келесі оқушыға бір сұрақ қояды. Осылай ойын жалғасады. Бұл алдыңғы білімді жаңа біліммен ұштастыру мақсатында жүргізіледі.
«Жаңа сөз үйрен» айдары оқушыларды сабаққа қатысты жаңа сөздерді меңгерту мақсатында жүргізіледі.