Т.4.1.2.1 бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну.
О. 4.3.3.1 мәтіннің жанрын(мақал-мәтелдер, бата, аңыз, мысал, өсиет әңгімелердің) жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау.
О. 4.3.4.1 мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру.
Ж.4.4.2.1 оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу.
Ж. 4.4.5.2 сөзге қосымшалар жалғау кезінде үндестік заңын сақтау
Мұғалім оқушыларға өткен сабақта үйренген сөздерді «Ауадағы сұрақтар» ойынын ойнату арқылы қайталатады. Бұл тәсіл оқушыларды белсенді іс-әрекетке жетелейді және сұрақтарды дұрыс қою дағдыларын қалыптастырады. Оқушыларға шар үлестіріліп беріледі. Олар өткен тақырып бойынша үйренген сөздерін шарға жазады. Шардың шетіне өз есімдерін жазып қояды. Оқушылар шарларды бір-бірімен алмастырады. Шардағы жазылған сөздердің аудармасын жазады (сол сөзге сөйлем құрастыр деген тапсырма да беруге болады), шарлар өз иелеріне қайтарылады. Оқушылар сыныптастарының жауаптарын өздері тексереді.