4.5.1.2. көптік/тәуелдік/септік жалғаулы сөздерді жазбаша/ауызша тілде қолдану.
4.2.3.1.белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын (4-5 сөйлем) мәліметті баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағына келтіріп сөйлеу.
4.1.2.1.бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну.
Сабақты бастамас бұрын оқушыларға мұғалім сұрақ қояды:
«Сапар» сөзін қалай түсінесіңдер? «Сапар» сөзіне ассоциативті қатар құрғызу.
Интерактивті тақтадан көлік түрлерінің, сапарға шығып бара жатқан әртүрлі адамдардың, чемодан, көзілдірік, сөмкелердің суреттерін қалалардың, ауылдардың суреттерін көрсетеді. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: Бұл суреттерден не көріп тұрсыңдар? Адамдар сапарға немен шығады? Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын болжату, оқушылардың өз ойларын айтқызу олардың логикалық ойлауын, сын тұрғысынан ойлауын дамытуға ықпал етеді.
Тапсырма сабаққа кіріспе ретінде жаңа сөздерді меңгерту мақсатында «Суретті сөздік» әдісі арқылы жаңа сөздер меңгертіледі. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға арналған. Тапсырманы бүкіл сыныппен орындайды. «Жаңа сөздерді үйренейік» айдарында оқушыларға суреттер көрсетіледі. Балалар, бұлар нелер? (оқушылар өз білгендерінше айтып, атап шығады). Мұғалім жаңа сөздерді бірнеше рет қайталатып, сөз тіркестерін құрастыртады. Мұғалім бұл сөздердің бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар екенін түсіндіреді.
2 мин
Мұғ-Сынып
қажетті суреттер
Негізгі бөлім
«Жаттығайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар сөздерге көптік жалғауларын жалғайды. Грамматиканы қолданыстық тұрғыда бекітуге берілген. Тапсырма жазбаша орындалады.
5 мин
Жеке
«Кел, сөйлесейік» айдарындағы тапсырма оқушының логикалық қабілетінің дамуына ықпал етеді. Оқушылардың назары оқулықтағы суретке аударылады. Оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға арналған тапсырма. Оқушылар суретте нелер бар екенін айтып береді.
«Көрсет және айт» тапсырмасы оқушының өз ойын еркін жеткізуге, сөздік қорын молайтуға арналған. Оқушылар сурет бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.
1.Көпірлерде көліктер бар ма?
2.Жолда бұрылыстар көп пе?
3.Бұрылыстарда көлік кездесті ме?
4.Жазық далаларда аңдар жүрді ме?
5.Өзенде балық бар ма?