Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы,судың сұйық,қатты,бу түрінде болатынын түсіндіру,тәжірбие жасау арқылы,еритін,ерімейтін заттар бар екенін білгізту.;
Балалардың сөздік қорларын молайту,қызығушылықтарын арттыру;
Суды таза сақтауға,үнемдеуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың барысы
Сабақтың кезең /уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әркеті
Ресурстар
01.
Су-тіршілік нәрі.Су бар жерде тіршілік бар.Адам сусыз өмір сүре алмайды.Күніне 4-5 литр су ішеміз.Су күнделікті тұрмыста,егістікте,өндірісте пайдалануға қажет.Жазда бау-бақшамызды (табиғат,гүлдің суретін көрсету) сумен өсіреміз,үйдегі гүлдер өсу үшін де су қажет.Су құймасақ қурап қалады.
Жер бетінде судың екі түрі бар.Ащы су,тщы су су.Үлкен-үлкен теңіз,мұхит сулары ащы болады.Ал біздің ішетін суымыздың тұщы болғаны жақсы.
Су-біздің баға жетпес байлығымыз.Оған қамқорлықпен қарауымыз қажет.Суды ластауға болмайды.Оны үнемдеп жұмсауымыз қажет. «Судың да сұрауы бар,- « дейді атамыз қазақ.
Су туралы мақал - мәтелдер айту
- Сулы жер – нулы жер.
Сағадағы су ішеді, жағадағы у ішеді.
- Су тіршілік көзі.
Бұлақ көрсең көзін аш
Рефлексия. Не білдік? Не үйрендік?
Жұлдызшалармен бағалау. Өзара бағалау
Жұмбақ шешу.. 1.Аяқсыз-ақ жорғалайды, жүреді. Ауызы да жоқ, сыңғырлайды, күледі. Онсыз бірақ жер бетінде тіршілік жоқ, Айтындаршы, осыны кім біледі. Су 2.Өзі көк, көленкесі жоқ. 3.Қыста шыны боп қатады, жылыда су боп жатады.. Мұз. 4.Көзге көрінгенмен Ұстасаң қолға ілінбейді. Бу. Су туралы өлең шумақтарын айту
Су – тіршілік негізі
Онсыз өмір сүрмейсің
Гигиена егізі
Су деп және білгейсің
Су – табиғат байлығы
Өзен - көлге барғайсың
Кемі екі рет әр күні
Суға түсіп тұрғайсың.
Ой толғаныс Үстіне жүк артқан екі есек келе жатты. Біреуінің үстінде тұз, екіншісінде мақта. Олар терең өзеннен өту керек болды. Үстіне тұз артқаны судан шыға салып бүлкілдеп жорыта жөнелді. Ал мақта салынғаны аяғын әрең басып, қабырғасы қайысып кетті Неге? Себебі: Тұз суда еріп жеңілдеп қалды. Мақта суды сорып алып ауырлап кетті