Сабақтың тақырыбы Қазақстан кең байтақ Отаным ! Сабақтың мақсаты



бет41/46
Дата03.05.2023
өлшемі0,68 Mb.
#89419
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
472 тәрб сағ жана

Сынып сағаты

Мектеп атауы:



Бөлім:



КӨПМӘДЕНИЕТТІЛІК ЖӘНЕ КӨРКЕМ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ



Педагогтің Т.А.Ә.





Күні:





Сынып:

Қатысушылар
саны:

Қатыспағандар
саны

Сабақтың тақырыбы

Ана өмір шуағы



Сабақтың мақсаты

Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу
Балалардың тілдерін, ойлау қабілетін дамыту. Аналарын сыйлауға тәрбиелеу.
ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.





Сабақтың барысы



Сабақтың кезең
/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының
әркеті

Ресурстар



01.

Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. 
. Мақал- мәтелдер
(Мақал-мәтелді құрастыру)
Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады. 
Анаңа ауыр сөз айтпа, 
Атыңа ауыр жүк артпа.

Ана көркі алдындағы баласы, 
Қала көркі үйі, орман-ағашы.

(Формативті бағалау «алтын сақа»)



Психологиялық сәт: Жүректен - жүрекке « Маған ең қымбат жан»
- Ана - әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамның аузынан шығатын ең алғашқы сөзі де - ана. Адамзат баласы ең алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау - сенің өмір бойыңдағы борышың. Қай адам қолынан келген сый - құрметін жасамады десеңізші, шіркін! Бірақ соның бәрі ананың бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы - ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Кез - келген адамның әдептігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген Ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан - жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады. Ана болу - бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған. Анаға қаншама ақындар жыр арнаған. Қаншама жазушылар шығарма жазған. Ана - мәңгілік тақырып.
Міне, сол себептен біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы – «Ана-бақыт, ана-нұр» деп аталады.
(Нұрасыл, Қарақат, Санат)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет