Эстетикалық тәрбие дегеніміз қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көру және сұлулыққа талпыну қабілетін дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етуге бағытталған, жүйелі үрдіс
Эстетикалық тәрбие дегеніміз – қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көру және сұлулыққа талпыну қабілетін дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етуге бағытталған, жүйелі үрдіс. Балаларды өнер құралдарымен тәрбиелеу – көркемдік тәрбие пәнін құрайды. Тәрбиеші баланы сұлулықты қабылдауға, оған эмоциялық ықлас білдіруге, сондай-ақ, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға жасау керек. Эстетикалық сезім дегеніміз – өмірдегі, көркем өнердегі әсемдікті қабылдаудан туатын эстетикалық нәр алу, толқу, рахаттану. Ол адам табиғатына ғана тән жоғарғы сезім.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – баланың бойына эстетикалық құндылықтарды сіңіруді қажетсіну, оған деген қызығушылығын, эстетикалық талғамын дамыту, эстетикалық іскерлік пен дағдысын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету – шексіз жұмыс және тәрбие жұмысының күрделі саласы.
Эстетикалық сезім әлеміне қатысы бар құбылыстарды зерттейтін философияның бір саласы болса, эстетикалық тәрбие көбінесе адамның сезіміне тәрбиелеу арқылы санасына әсер етіп, іс-әрекетіне бағыт-бағдар беруді көздейді. Жүріс-тұрыс адамдар арасындағы қарым-қатынас талаптарын түсініп, сезіну оның эстетикалық жағын қамтиды. Этика мен эстетика іс-әрекет, жүріс-тұрыс, мінез-құлық көріністері арқылы бір-бірімен байланысып жатады. Әр нәрсенің мөлшері мен өлшемін білу эстетикалық жақтан сезіну арқылы келеді. Эстетикалық тәрбиенің басты мәселесі – сезім әлеміне әсер ету, оны дамыту, қалыптастыру. Сезім мен дағдылар арқылы сұлулықты түсіне-сезіне білуге тәрбиелеу баланың дара қасиеттерін, барлық мүмкіндіктерін қалыптастырады.
Баланың көркемдік-эстетикалық дамуы сәтті болу үшін тәрбиеші, педагог жас ерекшелігіне сай әртүрлі ойындар, сабақтардың түрлерін қызықты, әрі танымды өткізеді. Танымдық ықпалдар эстетикалық қобалжулармен неғұрлым байланыста болса, соғұрлым нәтижесі де, әсер етуі де жақсарады. Педагогтың балалар қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын ескере отырып, әр біреуімен жұмыс жасауы, бала тұлғасының дербестігін көркемдік шығармашылық арқылы айқындауы, баланың өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік береді.
Балаларға жағымды жағдай жасайтын болсақ, олар көркемдік-эстетикалық түсініктерді еркін меңгереді. Оқыту мен тәрбиелеу арқылы оларға білім беріп қана қоймай, тұлғалық дамуына жағдай жасай отырып, әрекеттілік қабілетін (интеллектуалды, эмоционалды, еңбектік, ерікті) дамыту керек. Бала адекватты, өнімді және нәтижелі дамиды . Осыған орай көркемдік-эстетикалық тәрбиенің мектеп алды мекемелерге қоятын міндеттері:
– Баланың қиялын, эстетикалық сезімін, қабылдауын жүйелі және биік мақсатқа бағытталған түрде дамыту; өнердің барлық түрі қажеттілік сияқты сезімдерді тудырады;
– Баланы өнер саласындағы әрекетке, алғашқы көркемдік білімді игеруге және көркемдік деңгейді бағалауға баулу.
– Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Бала бақшалардағы көркемдік-эстетикалық оқу-тәрбие үрдісінің барлық жақтарымен тығыз байланысты. Көркемдік-эстетикалық тәрбие жұмысын нақты, нәтижелі ұйымдастыру үшін, оның мазмұнын әрбір жас ерекшелік талаптарын анықтап алу қажет.
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың күнделікті өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсіне, бағалай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, одан ең жоғары рухани ләззат алуға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілік, тұлғалық келбетін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдік пен жексұрындықты, адамгершілік пен ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.
Қазіргі кезде эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу – тәрбие барысыда тұрақты зейін салуды, күн сайын талапты күшейтетін мәселе. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің ғана емес, сондай-ақ еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары да ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа деген бағамын анықтайды.
Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңінен бастап, әсемділікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар – құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені оң қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады. Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемділігіне сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды. Сонымен оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу – дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған үрдісі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушыны жан- жақты үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде, ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының даму, білім алу, қалыптасуы құралына айналдырады.
Кең ой-өрістілік сөйлеу, іс-әрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл-ой еңбегін, шындықтың обьективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын, бөліп қарайды. Еңбек іс-әрекетінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі, сұлулығы ерекше көрсетіледі. Құқықтық іс-әрекетінде қоғамдық мұраттардағы, дамудағы оның, ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады. Бейнелеу іс-әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем, музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті және гигиена негіздері арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулығын таниды т.б.
Оқушыны әсемдікке тәрбиелеудің, жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде жанама қызмет те бар. Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс-әрекетінің белсенді және тиімді дем берушісі де болады. Оқушы өнегелігінің әсемдігі, оның жан дүнисінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек әсемдігі, оның еңбегін тартымды етеді және еңбек іс-әрекетінің үрдісін жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп және құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді.
Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу, әсемділік қасиеттері бар әртүрлі өмірдегі қатынастар мен әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады.Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе ‒ оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйе деңгейіне көтерліуі.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы ‒ өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның өмірлік көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланыста қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу ‒ адамдардағы әсемдікті, еңбек мазмұны мен үрдісін танымай саналы тәртіп пен мінез құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ, әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды. Бала әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйреніп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен талпынысын тәрбиелейді.
Сонымен эстетикалық тәрбие ‒ табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды.
Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі ‒ эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әртүрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал, кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады, әдемілікті сезу үшін, оны түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласы бойынша әрбір адамда түсінік, білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің обьективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.
Эстетикалық ұғымды, пайымдауды, баға беруді қалыптастыру ‒ эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеруі қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, пайымдай және бағалай алады.
Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор. Эстетикалық таным ‒ бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың аражігін ажырата білу, өнер шығармаларына жоғары талап қою.
Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге кіріккен эстетика (еңбек, табиғат эстетикасы, адамдар қатынасы және жай-жағдай эстетикасы) адамды сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.
Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды өздігінен ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тындаушы болуға баулу керек. Балалар әдебиетті оқуға, кинофильмді, теледидарды, спектакльді көруге, музыканы тындауға өте ынталы болады. Әртүрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс-әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін балаларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.
Эстетикалық тәрбиенің маңызы міндеті ‒ өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту. Осыған орай, мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша анықтау керек.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары – әдебиет және өнер. Олар зор идеялық тәрбиелік роль атқарады. Әдебиет пен өнер адамдарды қуанышқа бөлейді, жігерлендіреді, олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Өнер және әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әртүрлі құралдар арқылы (әдебиетте – проза, поэзия; кескіндеме жанр, баталия, пейзаж; мүсінде – бюст, т.б; музыкада – симфония, оратория, ән енгізіледі). Белгілі орыс суретшілері П.А.Федотовтың, В.Г.Перовтың, И.Е. Репиннің, В.В.Верещагиннің, И.И.Шишкиннің, И.Н.Левитанның және қазақ суретшілері Ә.Қастеевтің, М.Кенбаевтың, Қ. Шаяхметовтың т.б. шығармашылығы биік талғам деңгейлікке көтерген бейнелеу өнері адамдардың тәрбиесіне үлкен ықпал етеді.
М.Горький, Н.А.Островский, А.А.Фадеев, М.А.Шолохов, М. Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, т.б. еңбектеріндегі адам баласының бақыты және бостандығы үшін күрескерлердің бейнелері жастарды үлкен ерліктерге рухтандырады.
Сонымен өнер және әдебиет шындықты түсінудің және танудың бірдең-бір құралы. Өнер мен әдебиет адам дамуынын және рухани өсуінің басты шарттарының бірі болып табылады.
Әдемілікті сезуде, эстетикалық көзқарасты қалыптастыруда табиғат зор роль атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады, эстетикалық түсінігін байытады. Адам табиғаттағы бақылаушы ғана емес, ол тұтынушы, сұлулықты жасаушы шығармашылық тұлға. Сондықтан өзінің күшін, қабілетін адамдар бақыты үшін табиғатқа өзгеріс жасауға жұмсауы керек. Мысалы, қала мен селоны, тұрғын жерлерді көгалдандыру, бақ және гулдер өсіру, мәдениет және демалыс орындарын безендіру ‒ бұл маңызы зор эстетикалық шаралар.
Мектеп оқушыларының эстетикалық түсініктері, олардың еңбекке әсемдік тұрғысынан қатынасы, өзіндік белсенді іс-әрекетімен байланысты екенін көрсетеді. Мәселен өзі шешу мүмкіндігі болғанда ғана оның әрі мінез-құлықты, әрі әсемдік көңіл-күйі жай табады.
Балалардың оқу еңбегіне талғампаздық көзқарасын дамыту, білімдегі оқудың қозғаушы күші, дем берушісі ретінде пайдалану үшін балалардың өзіндік белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру, көркемдік ләззат және құлықтық әсер алуды қамтамасыз ететін еңбектің нәтижесіне жетуіне көмектесу қажет.
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі
Кіріспе бөлім
I. Негізгі бөлім
1. 1. Эстетикалық тәрбие туралы жалпы түсінік.
1. 2. Эстетикалық тәрбие берудің маңызы мен міндеттері
1. 3. Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру жолдары.
1. 4. Мектеп жасына дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиемен таныстыруда халық дәстүрінің сабақтастығы
II. Тәжірибелік бөлім
2. 1. Мерекелік іс - шаралар арқылы балаларды эстетикалық тәрбиеге баулу.
2. 2. Эстетикалық тәрбиеге байланысты сабақтың үлгі - жоспары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесін анықтау және оны қалыптастыру жолдары. Көркем әдебиет, музыка сурет салу
сабақтары арқылы балалардың эстетикалық тәрбиелеу мәселелерін шешу және дамыту.
Міндеттемелер
1. Баланың эстетикалық қабылдауын жүйелі түрде дамыту.
2. Балалардың эстетикалық түсінігі мен құштарлығын, сезімталдық, қабілетін дамыту.
3. Балалардың көркемдік талғамын тәрбиелеу
Зерттеу болжамы:
Мерекелік іс – шаралар мен сурет салу, көркем әдебиет, музыка мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесін дамытады.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – баланың бойына эстетикалық құндылықтарды сіңіруді қажетсіну, оған деген қызығушылығын, эстетикалық талғамын дамыту, Эстетикалық іскерлік пен дағдысын қалыптастыру.
А. И. Буровтың эстетикалық тәрбиелеу процесін іске асыруда тәрбиеші тарапынан танып білуге тиісті 3 бағыт ұсынады:
1. Тәрбиешіде жұмыс істеу үшін, қажетті оқу - тәрбие материалдары болуы.
2. Эстетикалық тәрбиенің кезектік мөлшерін ескертіп, эстетикалық қорытындысын бағдарламай білу.
3. Осы негізге лайық педагогикалық педагогикалық процесті құрып, оқу - әдістемелік құралдардың анықтамаларын жасау.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз
Баланың қоғамдық өмірде, еңбекте, табиғатта көркем өнерде бар әсемдікті сезіне білуге үйрету, тәрбиелеу деген сөз. Эстетикалық тәрбие балаға қоршаған ортаның көркемдігін, адамның рухани сұлулығын терең түсіндіре білу, сөйтіп оларды ойлау, қиялдау, сөйлеу қабылдау қабілетінің дамуына ықпал ету.