2-Тапсырма. Тыңдау және талдау
Н.Мендыгалиевтің "Легенда о домбре"шығармасын тыңдап, топта талдау.
Сұрақтар:
Шығарманы қандай аспап орындайды?
Бұл аспап қандай аспаптар тобына жатады?
Ол қандай аспаптың дыбысталуын бейнелеп тұр?
Орындаушы қандай әдіс-тәсілдер арқылы оны бейнеледі?
Берілген сұрақтар арқылы фортепиано аспабында ойнау әдіс-тәсілдері туралы оқушылармен кішігірім зерттеу жүргізу. Бір музыкалық аспап, басқа музыкалық аспап дыбысына имитация жасай алатындығы туралы оқушыларға түсінік беру.
Халық музыкасы негізінде қалыптасқан Қазақстанның кәсіби музыкасы жөнінде ақпарат дайындау ұсынылады.А.ЖұбановМ.Тулебаев, Б. Байқадамов, Г. Жұбанова, Н.Мендыгалиев, Е.Рахмадиев т.б композиторлар туралы қысқаша мәлімет беру.
3-Тапсырма. Ақпарат іздеу.
Қазақстанның мәдениет қайраткерлері туралы ақпарат тауып, оларды жарнама түрінде сыныпқа таныстыруды тапсыру.
1 топ - Алан Бурибаев (дирижер)
2 топ -Айман Мусаходжаева (скрипка)
3 топ -Марат Бисенгалиев (скрипка)
4 топ - Жания Аубакирова (фортепиано)
5 топ - Айгүл Үлкенбаева (домбыра)
6 топ - Раушан Оразбаева (қобыз)
Рефлексия
Мен не білдім?
Мен не үйрендім?
Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?
Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым?
|
Оқушылар берілген әнге мұқият тыңдап,біргелікте орындайды.
Әнді жаттап үйрену. Және де сол әннің жанры мен стильін ажыратады.
Дәптермен жұмыс
Бейнежазба тамашалайды, заманауи жанр мен стильдер туралы мәлімет алады.
|
«Бас бармақ» әдісі, смайлик арқылы бағалайды.
Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі
«Өзара бағалау» әдісі
Смайлик
|