Сабақтың тақырыбы Қазақстанның су ресурстарына экономикалық баға беру



бет3/5
Дата16.12.2023
өлшемі74,02 Kb.
#139919
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
9-сыныптарға арналған География сабақ жоспары (1)

Тыңдалым кезіндегі тапсырма:
Мақсаты: Мәтіннің негізгі ойын түсінеді, еліміздегі су қорының жағдайын анықтап, кестеге түсіреді
Су ресурстарын қорғау
Су ресурстарын қорғау және рационалды пайдалану мәселесі адамзат үшін өмірлік маңызды мәселе болып табылады. Табиғаттағы су айналымының арқасында жердегі су ресурстары таусылмайды. Алайда планетамыздың кейбір бөліктерінде табиғи жағдайлардың жағымсыз болуына байланысты тұщы су ресурстары жеткіліксіз.
Қазақстан жер региондарының ішіндегі сумен аз қамтамасыз етілген елдердің қатарына жатады. Сумен қамтамасыздандыру деңгейі бойынша ол ТМД елдерінің ішіндегі ең соңғы орынды алады.
Республиканың су шаруашылығы мәселелері тек жер беті суларын шектеп пайдалану және жер асты суларының ресурстарын меңгеру есебінен ғана шешілуі мүмкін. Елімізде жалпы су пайдаланудың 9% жер асты суларының үлесіне тиеді, біздің ойымызша, оны 25% дейіін көтеруге болады.
Су ресурстарын пайдалану және оларды қорғаудағы заңды құжаттардың бірі – 2003 жылы қабылданған «Су кодексі». Оның мақсаты: Су қатынастарының ұйымдастырушылық, экологиялық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғаудың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Жалпы мазмұнын түсінуге арналған сұрақтар:
Аудиоматериалды алғаш рет тыңдайды.
1. Тыңдалым мәтіні не туралы?
2. Онда қандай мәселеге ерекше тоқталып өтті?
3. ҚР суды қорғау мәселесін шешу үшін қандай Заң қабылданған?
4.Оның мақсаты қандай?

Сөздікпен жұмыс:


Таусылмайды, табиғи жағдайлар, жеткіліксіз, аз қамтамасыз етілген, сумен қамтамасыздандыру, жер беті сулары, шектеп пайдалану, жер асты сулары, меңгеру, шешілу мүмкін, заңды құжат, тиімділігін арттыруға бағытталған
Берілген сөз тіркестер мен сөздердің мағынасын топта талқылап, түсініктеріңізді кестеге толықтырыңыздар

таусылмайды









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет