Конструкциялау кезінде, яғни сызба жасау кезінде БА (бас айналымы) өлшемінің бөлінуі немесе бөлінбеуі де мүмкін. 2,4,6,8,10,12 немесе басқа санға бөлінуі мүмкін. Бұл бас киімнің моделіне байланысты. Яғни, егер артқы жағынан тір тігіс түскен жаздық бас киім болса, онда құрылым кезінде бөлінбейді. Ал егер, мысалы, қиықты тақия болса, онда 4-тен 12-ге дейін бөлінеді. Яғни БА өлшемі жоспарланған қиық санына бөлінеді.
2 кезең. Бас киім сызбасын сызу. Нұсқа 1 (тақия) Нұсқа 2.Бас айналымы аздап құлақтан жоғары өлшенеді және алынған санды төртке бөлу керек. Параққа негізі алынған өлшем санына тең, биіктігі -1 – 1,5 см кем етіп бесбұрыш сызу (а- сурет). Мысалы, бас айналымы 52 см-ге тең болса, онда әр бесбұрыштың негізі 52 : 4 = 13 см, ал биіктігі 13 - 1 = 12 см болады. Пішу барысында матадан 4 бөлшек пішу қажет.
Нұсқа 3.Бейне материалды қарап шығу және жұмысқа ұсынылған кезең бойынша бас киім дайындау.
3 кезең. Оқушылар алынған ақпаратқа, дизайнерлік шығармашылық бұйымды жасауға арналған эскиздер мен таңдалған материалдарға сәйкес нұсқаулық-технологиялық картаны дайындап, оны кестеге орналастырады:
Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі
Дискриптор - белгілі бір талаптарға сәйкес бұйым дайындау үшін альбомға немесе жұмыс дәптеріне қажетті жазбаларды орындайды;
- осы жазбалар негізінде бұйым дайындаудың әртүрлі тәсілдерін ескере отырып, өлшем алу және сызбасын сызуды орындайды