Бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі
|
МЕКТЕП: №28ОМ
|
КҮНІ: 14.11.2022ж.
|
Мұғалім: Н.А. Тангатов
|
СЫНЫП: 5
|
Қатысқандар :
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
«Бақа мен үйрек» ертегісі
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
5.2.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау;
5.4.3.1 омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.
|
Сабақ мақсаты
|
Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі мәселелерді анықтау, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану;
Көпшілігі: тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану;
Кейбір оқушылар: тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау арқылы мәтін мазмұнын ашу, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.
|
Бағалау критерийі
|
мәтін мазмұнынан негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды;
омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады.
|
Алдыңғы білім
|
Қадыр Мырза Әлінің «Қызыл кітап» өлеңі.
|
Жоспар:
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, зейінін сабаққа
Сынып оқушылары түгенделеді. Сабақ мақсаты хабарланады.
Жағымды психологиялық ахуал. «Табиғат – адамзатқа аманат» атты бейнефильмді (https://www.youtube.com/watch?v=ptfNTXDvjAg) тамашалаңдар(өз пікірлеріңді білдіріңдер).
ОҚЫЛЫМ АЛДЫ. Берілген аң-құстарға қандай сипаттама сәйкес келетінін анықтап, сәйкестендіріп жазыңдар.
Түлкі
Сұң қар
Қоян
Ит
Бұл бұл
Үкі
Түйе
|
|
әнші
айлакер
ақылды
қорқақ
сақ
қырағы
төзімді
|
Сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындайды.
ОҚЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ.
Мәтінді мұқият оқып, Бақа мен Үйректің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңыз. Негізгі ой мен қосымша ойды анықтаңыз. 1-тапсырма.
Дескриптор:
мәтінді түсініп оқиды;
бақа мен үйректің қасиеттерін салыстырады;
мәтіндегі негізгі және қосымша ойды ажыратады.
ҚБ
ОҚЫЛЫМНАН КЕЙІН. ӘТН.
4-тапсырма. Оқылым және тыңдалым материалдарын негізге алып, тапсырмаларды орындаңдар.
1-деңгей. Бақаға сипаттама беріңдер. Сипаттама сөздердің антонимдерін анықтаңдар.
2-деңгей. Бақалар мен жабайы үйректер туралы қандай қызық мәліметтер білесіңдер? Хабарлама дайындаңдар.
3-деңгей. Тыңдалым бөлімінен алған әсерлеріңді достарыңа хат түрінде жазыңдар.
Дескриптор:
Бақаға сипаттама береді, сипаттама сөздердің антонимдерін анықтайды;
Бақалар мен жабайы үйректер туралы қызық мәліметтер анықтайды, хабарлама дайындайды;
Тыңдалым бөлімінен алған әсерлерін достарына хат түрінде жазады.
ҚБ
|
Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады.
«Табиғат – адамзатқа аманат» атты бейнефильмін тамашалайды.
Оқушылар берілген аң-құстарға қандай сипаттама сәйкес келетінін анықтап, сәйкестендіріп жазады.
Оқушылар мәтінді түсініп оқиды;
бақа мен үйректің қасиеттерін салыстырады;
мәтіндегі негізгі және қосымша ойды ажыратады.
Грамматикалық тақырыпты меңгереді.
Грамматикалық тапсырманы орындайды.
Оқылым және тыңдалым материалдарын негізге алып, тапсырмаларды орындайды.
|
«Смайлик»
Өте жақсы Жақсы Орташа
Қалыптастырушы бағалау
- төмен жауап;
-жақсы жауап;
-керемет жауап!
Қалыптастырушы бағалау
- төмен жауап;
-жақсы жауап;
-керемет жауап!
|
5-сынып «Қазақ тілі» оқулығы
https://www.youtube.com/watch?v=ptfNTXDvjAg
(http://www.elarna.com/ertegi_kk.php)
|
|