Сабақтың басы
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Қызығушылық-мотивациялық кезеңі
2 минут
|
1.Оқушылармен амандасу,түгендеу.
2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Қазақ тілім-тірлігімнің айғағы.
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілі, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
|
Оқушылардың сәлемдесуі
Өлең айту арқылы мәнерлеп оқу дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа деген қызығушылығы мен белсенділігі артады.
|
Тиімділігі: Оқушылардың өлең айту арқылы көңіл-күйі көтеріледі және патриоттық сезімдері оянады.Назарлары сабаққа шоғырланады.
|
Таныстырылым
Слайд 1
|
Жаңа сабаққа кіріспе
3 минут
|
(Ұ) «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы оқушыларға сабақтың тақырыбын болжауға түрткі жасау.-Сабағымыздың тақырыбын болжайық. -Бұл суреттер бізге не туралы айтқысы келеді?
|
Оқушылар суреттерге қарап, өз ойларымен бөліседі.
Өзара талқылау жасайды.
Тиімділігі: Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым мен болжау дағдысы қалыптасады.
|
|